Жаңалықтар

Нұр-Сұлтандық білім басқармасы Тұрсынбек Қабатовтың қызын жақтап шықты

  • Нұр-Сұлтандық білім басқармасы Тұрсынбек Қабатовтың қызын жақтап шықты

    Нұр-Сұлтандық білім басқармасы Тұрсынбек Қабатовтың қызын жақтап шықты

Нұр-Сұлтан қалалық білім беру басқармасы танымал қазақстандық әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызының оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство өкілдері Тұрсынбек Қабатовтың қызының құжаттарында заңбұзушылық анықталмағанын жеткізді.

“Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы барлық “Алтын белгі” иегерлерін білімге құштарлығы мен мақсатқа жетудегі табандылығы үшін ризашылығын білдіре отырып, оқушы Аманғали А.Т. мектептерде оқу кезінде жоғары нәтиже көрсеткенін және шыныменде жылдық қорытынды бағалау нәтижелері бойынша “Алтын белгі” иегері екенін хабарлайды.

Құжаттардың үлгілік ережелердің талаптарына сәйкестігіне жүргізілген мониторинг бойынша ешқандай заңбұзушылық анықталмады және құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келеді”, –делінген басқарма хабарламасында.

Айта кетсек, бұған дейін заңгер Абзал Құспан Қабатовтың қызының орнына басқа біреу ҰБТ тапсырғанын айтқан болатын. Бұған байланысты қазақстандықтардың оқушының “Алтын белгіні” әділ жолмен иеленгеніне тексеру жүргізуді талап етті. Оқиға жайлы әзілкештің өзі де пікір білдірген болатын.




Көрілген: 291    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.08.2021, 15:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31