Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев қоры жас ғалымдарға байқау жариялады

  • https://kaz.caravan.kz/

    https://kaz.caravan.kz/

Нұрсұлтан Назарбаев қоры жас ғалымдарға республикалық байқау жариялады. Бұл жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жобалары мен жұмыстарын қаржыландыруға және «Жас ғалымдардың үздік Кеңесі» байқауына грант алу үшін қажет.

 

Ғылыми-зерттеу жобаларына және жас ғалымдардың Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарындағы ғылым, технология және техниканың басым бағыттары бойынша қолданбалы ғылыми саладағы ізденістеріне 2021 жылдың 26 наурызы мен 25 сәуірі арасында байқау жарияланған.

 

Оның мақсаты –Қазақстанның жас ғалымдарының импортқа қабілетті әлеуетін, жоғары иинновациялық дәрежесін және әлеуметтік маңызын көрсететін, болашағы зор ғылыми еңбектерін қолдау.

 

Бұл байқаудың іріктеу сынына ғылыми қызметкерлер (ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында немесе оның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтін адамдар), ғылыми дәрежесі бар тұлғалар (ғылым кандидаты немесе докторы, немесе философия докторы(PhD), өз саласы бойынша доктор) қатыса алады. Жасы 40-тан аспауы тиіс. Ғылыми жұмыстарға белсенді қатысып жүрген Қазақстан азаматы болуы керек.

 

Жақында Жас ғалымдардың үздік кеңесінанықтау мақсатындағы екінші байқау басталды. Оған соңғы өтініштер 2021 жылдың 29 сәуірінде қабылданады.

 

Бұл байқау Жас ғалымдар кеңесінің (ЖҒК) жұмысын дамытуға септігін тигізеді. Ол жас ғалымдардың бастамаларын қолдауға, сондай-ақ, ғылыми жобаларын іске асыруға бағытталған.

 

— 2007 жылы Елбасының бастамасымен ғылым саласындағы дарынды жастарды тауып, марапаттайтын жаңа орган – Жас ғалымдар қоры құрылды. Кейін ол Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңеске айналды, — дейді PhD, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес төрағасы, ҚР президенті жанындағы ҚӘЗИ жетекші ғылыми қызметкері Ермек Тоқтаров. — Қор жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес о бастан Қазақстанның жас ғалымдары өз қабілетін көрсетіп, әріптестерінің қолдауына ие болып, өзін және ғылыми ізденістерін көрсете алатын, отандық ғылымды дамытуға бағытталған түрлі жобаларға қатыса алатын алаңға айналған. Мұндай кешенді жұмыс басқа ұйымдар үшін де үлгі боп отыр. Ал жас ғалым мәртебесі еліміздің қоғамы мен ғылыми ортасында берік орын алған.

 

Айта кетейік, екі байқаудың жеңімпаздары ғылыми-зерттеу жобалары мен Жас ғалымдар кеңесінің жұмысын белсенді түрде жүзеге асыруға арналған грантқа ие болады.

 

Байқау ережелері мен толық құжаттар fnn.kz сайтының «Жобалар мен байқаулар» бөлімінде жарияланған.

 

 

 

kaz.caravan.kz

 




Көрілген: 221    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 19:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31