Жаңалықтар

Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендия иегерлері анықталды

  • © «Қазақстан» телерадиокорпорациясы

    © «Қазақстан» телерадиокорпорациясы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы журналист, тележүргізуші Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендия иегерлерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Корпорация мәліметінше, байқау еліміздегі жоғары оқу орындарының журналистика факультетінің студенттері арасында екі ай көлемінде жүргізілді.

 

Оқу гранты Н.Иманғалиұлының телевизиядағы тұлғасы жайлы үздік бейнематериал ұсынған үш студентке табысталды.

 

Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай байқаудың мақсаты – Қазақ телевизиясы қалыптаса бастаған уақыттан телеэфирдегі бейнесімен тұтас буынға үлгі болған Нұртілеу Иманғалиұлының есімі мен шығармашылығын насихаттау, ізбасарларына қолдау көрсету екенін атап өтті.

 

«Оқу гранты бастапқыда екі студентке белгіленген. Келіп түскен жұмыстар арасында Нұртілеу Иманғалиұлының шығармашылығын, тележүргізуші, тұлға ретіндегі ерекшеліктерін өзгеше қырынан ашып көрсеткен студенттер болды. Бейнематериалдарды қарастыра отырып, тағы бір үміткердің жұмысын үздік деп танып, қосымша грант беру туралы шешім қабылдадық», - деді Л.Танысбай.

 

Телерадиокорпорация қызметкерлерінен құрылған арнайы комиссияның шешімімен Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 3-курс студенті Аңсаған Ғалаладин, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 2-курс студенті Қанат Жолдасбеков, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 4-курс студенті Күмісжан Исан Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы оқу грантының иегері атанды.

 

50 мың теңге көлеміндегі ай сайынғы стипендия студенттерге биылғы оқу жылына төленеді.

 

 

 




Көрілген: 428    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.10.2021, 18:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31