Оқу жылы ұзартыла ма – министрлік түсініктеме берді

17 қаңтар 2022, 17:34

Білім және ғылым министрлігі қысқы демалыстың созылуына байланысты оқу жылын ұзарту мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, бұл республика бойынша, соның ішінде әрбір аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына байланысты болады.

 

"Оқу жылы ұзартыла ма, жоқ па, ол жайында сөз қозғаған ерте деп ойлаймын. Себебі күн сайын науқастар саны т.б. талдау жұмыстары жүргізіледі. Оқу жылын ұзарту туралы шешім қабылданса, біз ол ақпаратты міндетті түрде жариялаймыз", - деді Кәрімова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

 

Айта кетері, қаңтарда төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты мектеп оқушыларының демалысы 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Ал студенттердің кезекті семестрі 24 қаңтарда басталады.