Жаңалықтар

Оқуға 100 адам түседі, 800 адам бітіреді – Аймағамбетов

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов университеттерге талдау жүргізгенде оқуға 100 адам түсіп, 800 адам бітіріп шығатынын анықтаған. Ол бұл студенттердің ауадан пайда болмайтынын айтты. Бұдан былай қазақстандық ЖОО түлектеріне диплом қағаз түрінде емес, электронды түрде беріледі.

 

Осы және өзге де жаңалықтарды білім министрі Асхат Аймағамбетов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа отырысында мәлімдеді.

 

Жиында сөз сөйлеген Аймағамбетов дипломды сатып алатын ЖОО түлектері жөнінде өткір мәселенің басын ашты.

Біз университеттерге талдау жүргіздік: 100 адам түседі, 800 адам бітіреді. Бұл студенттердің ауадан пайда болмайтыны белгілі. Сапалы білім беретін университеттер студенттерді ойланбастан шығарып жібереді. Ал, "шаңсорғыштар" (сондай шығып қалғандарды жинап алатын ЖОО – ред.) бұл балаларды нарықтың әр түкпірінен жинап алады, содан кейін оларға дипломдар береді, - мәлімдеді Білім және ғылым министрі.

 

Бұл жағдайды шешу үшін Білім министрлігі барлық дипломдарды цифрландырады, ал деректер базада сақталады. Бұдан кейін өзгертулер енгізу мүмкін болмайды.

Қазір біз барлық дипломдарды цифрлаудамыз. Біріншіден, біз "blockchain" электрондық дипломдарын (жүйесінде) шығарамыз. Екіншіден, біз тарихи ақпаратты цифрландырамыз. Шамамен, 1970 жылға дейін жетуді көздеп отырмыз. Бұл процессте біз көптеген проблемалық мәселелерге тап болдық, мәселен, біршама диплом шығарғандай болып едік, іске келгенде біз олардың іздерін еш жерден таба алмаймыз. Сондықтан біз университеттерге 1970 жылға дейін дипломдарды цифрландыру міндетін қойдық, - деп айтты еліміздің бас ұстазы Аймағамбетов.

 

Осы орайда, министр жуырда ғана шешім қабылдап, Шымкенттегі елдегі ең үлкен университетті жапқанын хабарлады.

Сот шешім шығарды. Білім және ғылым министрлігі лицензияны қайтарып алу туралы дұрыс шешім қабылдады. Осы университетте 30 мыңнан астам адам оқыған. Біз шынымен де (...) заң бұзушылықтар бар екенін білдік, олар шынымен де дипломдарын басып шығарғанын анықтадық. Алайда, университеттер аз болуы керек деп айтпаймыз. Көп болсын, бірақ олар жақсы университеттер болуы керек. Сондықтан бүгін біз талаптарды күшейтіп жатырмыз, - деп түйіндеді өз сөзін Білім министрі.

 




Көрілген: 298    Пікірлер: 0

сенбі, 01.02.2020, 17:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30