Жаңалықтар

Оқушы бітіру емтихандарын өткізбеуді талап етті: Министрлік не дейді

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Әлеуметтік желі қолданушылары биліктен 9 және 11-сыныптарға арналған қорытынды емтихандарды өткізбеуді сұраған ақтөбелік оқушының үндеуін таратып жатыр.  

 

emiritze деген лақап атпен тіркелген қолданушы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, сондай-ақ білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктерінің басшыларына үндеу жазды.

 

 

"Біз тоғызыншы және он бірінші сыныптарға арналған 2021 жылғы қорытынды аттестаттаудан бас тартуды және аттестатқа түлектердің жылдық бағалары негізінде баға қоюды талап етеміз", - деп мәлімдеді бозбала. 

 

Ол Қазақстанда сәуірде коронавирусқа қатысты жағдай өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда айтарлықтай нашарлағанын атап өтті. Дегенмен өткен жылы 9 және 11 сыныптарға арналған емтихандар болмады. Ал қазір еліміздің көптеген аймағы коронавирустың "қызыл" аймағына енген кезде емтихан өткізу жоспарланып отыр.

 

"Біз жарты жыл онлайн оқыдық, ал үшінші тоқсанда оффлайнға ауыстырды, бірақ бұл уақыт нәтижелі болмады. Көптеген оқушы тіпті мектепте жүріп инфекция жұқтырды. Түлектерге қазір үлкен салмақ түсіп отыр: пандемия жағдайында ҰБТ, оқуға түсу және аттестаттау күтіп тұр", - деп жалғастырды оқушы.

 

Сондай-ақ, ол түлектерге емтиханды жабық бөлмеде маска киіп отырып, бес сағат ішінде тапсыруға тура келетіндігіне шағымданды.

 

"Бұл қауіпті және науқастардың көбеюіне әкеп соқтыруы мүмкін", - деп түйіндеді оқушы.

 

Үндеуге жауап ретінде білім министрлігінің баспасөз қызметі 9 және 11-сыныптардың қорытынды емтихандары тоқтатылмайтынын мәлімдеді. Бұған дейін ведомство емтихан өткізу қажет деп мәлімдеген болатын. Осы қорытынды емтихандарға дайындалу үшін 9 және 11-сынып оқушыларын оффлайн режимінде оқыту туралы шешім қабылданған.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1039    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.05.2021, 09:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31