Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Оқушы қыздардың мектепке хиджаб киюіне рұқсат беріле ме - Министрлік түсіндірді

08 маусым 2022, 16:01

Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова мектеп формасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сол себепті мектептер де зайырлы мекеме саналады. Мектеп формасы туралы 2016 жылғы бұйрық бар, ол күшін жойған жоқ. Біз біліммен қамтылмай қалуы мүмкін қыздарды оқу процесіне қосу туралы айтып отырмыз. Сондықтан бұл мәселені шешудің жолдары мен тетіктерін іздестіріп жатырмыз. Бұл жерде әңгіме хиджаб туралы болып отырған жоқ» дейді комитет төрағасы.

 

Оның айтуынша, қазір түрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Соның ішінде оларды өзіміздің отандық мектептерде онлайн оқыту мүмкіндігі және оларды оқу үдерісіне тарту бойынша басқа да ұсыныстар бар.

 

Ең бастысы, барлығын орта біліммен қамту. Бұл балалардың осы бөлігінің мектепте білім алуы үшін жасалып отыр.

 

«Тағы бір айтарым, қазіргі уақытта мектеп формасына қатысты бұйрық өз күшінде, ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ. Біз бүкіл баланы біліммен қамтамасыз етудің түрлі мүмкіндіктерін талқылаймыз. Бұл - эмоцияға беріліп шешілетін мәселе емес, қоғамда әртүрлі пікірлер бар екені рас. Ең алдымен балалардың мүддесі мен заңнамадағы нормаларды негізге алуымыз керек» дейді мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Каримова.