"Оқушы сенің алдыңда жартылай жалаңаш па, шашын бояп алған ба мұғалімнің онда шаруасы болмауы керек" - Психолог

24 мамыр 2022, 15:09

Бұл турпалы "Хабар" арнасындағы "Бүгін" бағдарламасында айтты, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.

Бағдарламада "Жасөспірімдер суицидке не себепті көп барады?" деген тақырып талқыланды. Ол жерде оқушылардың өз-өзіне қол жұмсауына буллингтің әсері екені айтылады. Психолог Серікгүл Сәли буллингтің бастамасын ұстаздардың өздері бастайтынын айтты.

"Қанша мектепке барып, тікелей зерттеулерім үшін мектепке бардым. Көп жағдайда буллингтің бастамасын ұстаздардың өздері бастайды. Баланы сыныптың алдына тұрғызады да "Масқара. Мынаны білмейді, ұят ай" деп бүкіл сыныптың алдында баланы ұялтады. Мен қанша ұстазға барып "олай жасауға болмайды, сіз өзіңіз буллингке бастама беріп тұрсыз" деймін. Көбінесе, ұстаздар оны тыңдай бермейді. Қазіргі ұстаздар өте сауатты болу керек. Бала сенің алдыңда жартылай жалаңаш па, шашының жартысын бояп алған ба мейлі. Бала білім арқылы еліктір. Тәрбиелеме, шаруаң болмасын", - деді Серікгүл Сәли.
Caravan.kz