Жаңалықтар

Оқушылар екінші тоқсанда қалай оқиды: Алматы білім басқармасы жауап берді

  • Оқушылар екінші тоқсанда қалай оқиды: Алматы білім басқармасы жауап берді

    Оқушылар екінші тоқсанда қалай оқиды: Алматы білім басқармасы жауап берді

Алматы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов қалада эпидемиологиялық жағдай жақсарса, ең алдымен 1-4 сынып оқушылары дәстүрлі форматқа көшетінін мәлім етті деп жазады  Sputnik Қазақстан агенттігі. 

Жұманов "Оқушылар екінші тоқсанда қалай оқиды?" деген сұраққа жауап берді. Оның сөзінше, халықтың сырқаттану деңгейі тұрақты түрде төмендеген кезде оқытудың дәстүрлі форматына кезең-кезеңімен көшу мәселесі қаралады екен. Ең бірінші кезеңде барлық санитарлық қауіпсіздік шарасын сақтай отырып, қалыпты режимге 1-4 сынып оқушылары көшеді, дейді қалалық білім басқармасының орынбасары. Екінші кезеңде 5-11 сынып оқушылары өтпек. Жұманов бұл оңтүстік астананың тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен бірлесе шешілетінін атап өтті. "Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жүргізген талдау нәтижесі бойынша қалада сегіз оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Олар қашықтан оқыды. Ал мектепте кезекші сыныптарда оқитындар арасында инфекция жұқтырғандар жоқ", - деді ведомство өкілі.

Сонымен қатар Жұманов қазір қалада оқушылардың 96 пайызы қашықтан оқып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, жаңа оқу жылында қашықтан оқуды ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 42 мың дана және үкіметтің резервтік қорынан 38,5 мың дана компьютер техникасы сатып алынған. Еске сала кетейік, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов брифинг барысында қашықтан оқыту туралы сөз қозғап, дәстүрлі форматқа ауысудың мерзімі туралы айтқан болатын. Сондай-ақ аталған брифинг барысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой оқушыларды қашықтықтан оқыта беруді жалғастыруды ұсынған еді. Оның айтуынша, 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында жүргізілетін вакцинация халықтың әлсіз тобын, әсіресе жиі ауыратын балаларды ЖРВИ мен тұмаудың өршуінен қорғап қалады. 

Министр қазіргі аурудың төмендеу қарқынын ұстап тұру маңызды екенін жеткізіп, мектептегі бірінші тоқсанда қашықтан оқыту форматын сақтауға кеңес берді. 

Sputnik Қазақстан




Көрілген: 2324    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 22:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31