Жаңалықтар

"Оқушылар жарытып білім алмады": депутат дәстүрлі форматқа көшуді талап етті

  • "Оқушылар жарытып білім алмады": депутат дәстүрлі форматқа көшуді талап етті

Сенат депутатының пікірінше, мектеп оқушылары екі тоқсан бойы жарытып білім алмағандықтан, білім сапасы бірнеше жылға кейін шегерілді. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы барлық ауыл мен аудандағы мектеп оқушыларын дәстүрлі форматқа көшіру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында депутат әлемдік пандемияның білім саласына да, сапасына да кері әсерін тигізіп жатқанын жеткізді. Алайда Ресей, Қытай, Германия, Ұлыбритания және тағы басқа мемлекеттерде көп жағдайда дәстүрлі білім беру форматын сақтап келеді.

"Мысалы, Байқоңыр қаласында Ресей құзыретіне қарайтын жеті мектептің барлық сынып оқушылары толыққанды дәстүрлі түрде оқып жатса, қазақстандық мектептердің оқушылары қашықтықтан оқып жатыр. Мұны қалай түсінуге болады?", &ndash дейді Бақтиярұлы.

Оның ойынша, мектеп оқушылары екі тоқсан бойы жарытып білім алмады. Әсіресе, ауылдық мектептердегі оқушылардың білімін толық қалпына келтіру қиынға соғады. Бұның бәрі білім сапасын бірнеше жылға кейінге шегеріп тастайды.

"Сондықтан да еліміздегі барлық ауылдар мен аудандардағы мектептерде оқушыларды дәстүрлі оқытуға шығаруымыз керек", &ndash деп атап көрсетті Бақтиярұлы.
Айта кетейік, ведомствоаралық комиссияның соңғы шешіміне сәйкес, III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту форматына көшеді. Бұл дегеніміз, пәндердің 70 проценті дәстүрлі форматта өтсе, 30 проценті қашықтан оқытылады. Бұдан бөлек, сабақтан тыс уақытта бес адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастыруға рұқсат беріледі.

Оқи отырыңыз: Елордалық оқушылар қаңтардан бастап қалай оқиды

Колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері де жаңа жылдан бастап аралас оқыту форматына көшеді.




Көрілген: 1531    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.12.2020, 17:15

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30