Оқушылар Қазақстан тарихынан емтиханды ауызша тапсырады

04 мамыр 2022, 18:53

Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова биыл оқушылар Қазақстан тарихынан қорытынды емтиханды ауызша тапсыратынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

11-сыныптың оқушылары үшін қорытынды емтихандар 27 мамырдан бастап 10 маусым аралығында 5 пән бойынша өтеді. Былтырға қарағанда «Қазақтан тарихы» пәні бойынша қорытынды аттестаттау осы жылдан бастап ауызша өткізіледі. Ал қалған пәндер жазбаша өткізіледі, - деді БҒМ өкілі.

 

Оның сөзінше, «Қазақстан тарихы» бойынша ауызша емтихан 2 маусымда өтеді.

 

«Қазақстан тарихы» бойынша емтиханда оқушыларға әрқайсысында үш сұрақтан тұратын 30 билет беріледі. Бір билеттің сұрақтарына жауап беру қажет.

Оқушыларға тарих пәні бойынша өз білімдерін ауызша түрде көрсету жеңілірек. Емтихандағы тапсырмалар өткен материалға негізделіп, құрастырылған. Бағалау кезінде оқушылардың сұрақтарға жауап беруі, жауабын дұрыс құрастыруы, өз көзқарасын білдіруі, қорытынды жасауы, тарихи фактілерге жүгіну біліктілігі ескеріледі. Түлектер «Қазақстан тарихынан» ең жоғарғы 30 балды жинай алады, - деді ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.