Жаңалықтар

«Оқушылар мектептің тамағын жегілері келмейді»: Ата-аналар шағым білдірді

  • Көрнекі фото. https://azattyq-ruhy.kz/

    Көрнекі фото. https://azattyq-ruhy.kz/

Елордалық мектептердің біріндегі асхананың тағамы ата-аналардың ашуын тудырды. Татьяна Коршунова есімді Facebook қолданушысы Нұр-Сұлтан қаласындағы мектептің бірінде оқушыларға берілген тағамның фотоларын жариялады.

 

Автордың жазуынша, 14 ыдыстың  11-і сол күйі тағамы түртілмеген күйінде қалған. Нақтырақ айтқанда, балаларға суға қайнатылған макаронға ет қосып берілген. Ал оқушылар мұндай асты жемек түгілі, дәмін де татпаған сыңайлы.

 

«Мектептегі тамақ қашан дәмді және пайдалы болады? Неліктен біздің балалар бюджет қаражатына мектепте құр нан мен шай ішуі керек? Бізде соғыс немесе аштық жүріп жатыр ма? Бізде кейбір мектептерде тіпті қайнаған су да сатылады», - деп жазды автор.

 

Сонымен қатар, жазба авторы буфетте сатылатын пісірілген тағамдардың да бағасына шағымын білдірді.

 

«Елорданың ең қымбат сауда желілерінің бірінде тауық еті бар бәліш 100 теңге, ал мектеп асханасында картоп қосылған бәліш 120 теңге тұрады. Бағаның мұндай болуы немен байланысты? Бізде картоп тауық етінен қашан қымбат болып еді?», - шағымданды Татьяна Коршунова.

 

Azattyq Rýhy тілшісі оқушылардың мектепте тамақтануы мәселесіне қатысты Білім және ғылым министрлігіне хабарласып, балаларды тамақтандыру нормасына қатысты деректерді анықтады.

 

Белгілі болғандай 2015 жылы министрлік Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп, мемлекеттің қолдауын талап ететін балалардың жекелеген санаттары үшін бір реттік мектепте тамақтандырудың бірыңғай нормаларын әзірледі. Осы нормалардың арқасында диета әртүрлі болды, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өнімдердің оңтайлы тізімі анықталды.

 

«2017 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп, оқушылардың тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар - балалардың маусымдылығы мен жас ерекшеліктерін ескере отырып, 4 апталық ас мәзірін әзірледі. Білім беру ұйымдарында кремі бар кондитерлік өнімдерді, тұтыну орамаларындағы кондитерлік тәттілерді (шоколад, кәмпит, печенье), терең қуырылған бұйымдарды, газдалған, тәтті алкогольсіз сусындарды, диффузиялық қойылтылған шырындарды (оралған минералды және ауыз суларды қоспағанда), фаст-фудтарды (гамбургерлерді, хот-догтарды, чипстерді, кептірілген нандарды) және т.б. дайындауға және өткізуге жол берілмейді», - деді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова редакцияға жіберген жауабында.

 

Балаларды тамақтандыруға жыл сайын қанша қаражат жұмсалатындығы министрлікке беймәлім. Өйткені бұл шаруа жергілікті әкімдіктердің мойнына жүктелген. Айта кетейік ҚР «Білім туралы» Заңының 6-бабына сәйкес мектепте тегін жекелеген санаттарға беріледі. Олардың қатарында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан және жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар бар.

 

Балалардың дәм татудан бас тартқан тағамы қай мектептің асханасында берілгендігін анықтау мақсатында Azattyq Rýhy тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімідігі Білім басқармасының баспасөз қызметіне хабарласты. Алайда, баспасөз қызметі «мәселе шешілді» дегенімен, жағдайдың қай мектепте болғанын білмейтін болып шықты.

 

 

 

 




Көрілген: 306    Пікірлер: 0

жұма, 08.10.2021, 16:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31