Жаңалықтар

Оқушылар төртінші тоқсанда қалай оқиды – жаңа қаулы

  • © КТК

    © КТК

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Құжатта 1 сәуірде басталатын оқу жылының төртінші тоқсанын ұйымдастыру тәртібі көрсетілген.

 

Қаулыға сәйкес, 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында барлық өңірде оқушы саны 300-ден аспайтын мектептерде оқу дәстүрлі форматта өтеді. Бір сыныптағы бала саны 25-тен көп болмауы тиіс.

 

Білім мекемесі әкімшілігінің шешімімен саны 15 оқушыға дейінгі топтарда сабақтан тыс жеке оқыту да ұйымдастырылады.

 

Коронавирус таралуы бойынша "жасыл" және "сары" аймақтағы өңірлерде жалпы білім беру мектептерінде барлық сыныптар аралас форматта оқиды. Бір сыныптағы бала максимум жиырма бес.

 

"Қызыл" аймақтағы өңірлерде аралас форматта:

 

жалпы білім беру мектептерінде - мектеп алды сынып оқушылары, 1-5 сынып оқушылары,

 

халықаралық мектептерде - 1-7- сынып оқушылары, сыныптағы бала саны ең көп дегенде жиырма бес болуы керек.

 

9, 11 және 12-сыныптар аптасына алты күн аралас форматта оқиды: пәндердің 70%-і - штаттық режимде, 30%-і - қашықтан (сыныпта 15 адамнан көп болмауы тиіс, "бір сынып-бір кабинет" қағидаты мен маска режимі және санитарлық талаптар сақталуы шарт).

 

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден таныса аласыз.

 

 

sputnik.kz

 




Көрілген: 2338    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 09:40

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31