Жаңалықтар

Оқушылар үшін 2 мыңнан астам теле-сабақ дайындалады - Шолпан Каринова

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Елімізде қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыруды жобалау кеңсесі құрылуда. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Шолпан Каринова Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Оның атап өтуінше, Білім және ғылым министрлігінде, аймақтық білім беру басқармаларында Қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру бойынша жобалау кеңсесі құрылып отыр.

Бұл ретте індет кезеңінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша уақытша шаралар енгізген көршілес елдердің тәжірибесі, халықаралық тәжірибе зерделенді.

Мектептер мен ұстаздар үшін тиісті ұсынымдар дайындалды.

Ұстаздар үшін арнайы онлайн, теле-курстар, вебинарлар әзірленді.

 

«Бұған қоса, ұстаздар мен балаларға «Балапан« және «Ел Арна« телеарналарында төртінші тоқсан басталысымен күнде 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн сабақ өткізіледі. Қазір осы теле-сабақтардың арнайы түсірілімі жүргізілуде. Ол сабақтар мемлекеттік стандарт талаптарына, оқу бағдарламаларына сәйкес құрылған. Оқушылар үшін 2 мыңнан астам теле-сабақ дайындалады. Бұған үлкен күш жұмсалуда», - деді вице-министр.

 

Оның атап өтуінше, теле-сабақ барысында Нұр-Сұлтан қаласының, Назарбаев Зияткелік мектептерінің, республикалық, халықаралық және жеке мектептердің үздік ұстаздары еліміздің барлық балаларына сабақ береді.

 

«Ұстаздарға тек қолдау қажет. Ұстаздар мен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілейміз», -деді Шолпан Каринова.

 




Көрілген: 150    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.03.2020, 17:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30