Жаңалықтар

Оқушыларға сабаққа еркін киімде қатысуға рұқсат етіледі

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Мектептерде оқу үрдісін ұйымдастыру кезінде барлық санитарлық іс-шаралар қарастырылатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Министрлік негізгі пәндерді штаттық форматта оқытуды, ал музыка, көркем еңбек, информатика, құқық негіздері, графика және жобалау, кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәндерін қашықтан өткізуді ұсынып отыр. Дене шынықтыру сабақтарын таза ауада өткізу бойынша ұсыныс берілді.

 

Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады.

 

Мектеп асханаларының жұмысы жергілікті әкімдіктердің шешімі әрі бас санитарлық дәрігерлердің келісімі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ұйымдастырылады.

 

Міндетті мектеп формасын киюдің қажеті жоқ, сабаққа еркін және ұқыпты киімде қатысуға рұқсат етіледі.

 

 

 

 




Көрілген: 288    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.03.2021, 00:17

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31