Жаңалықтар

Оқушыны ұрған мектеп директоры сотты болды

  • https://www.facebook.com/

    https://www.facebook.com/

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, аудандық мектептердің бірінің директоры он бірінші сынып оқушысын ұрды. Мұғалім мектептегі үзіліс кезінде заңсыз әдістерді қолданған. Сонымен қатар, директор кабинетіне оқушыны кезекші оқытушы алып келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

"Кезекші мұғалім 11-сынып оқушысының тәртібіне наразылығын білдірді. Сол кезде оқу орнының директоры оның көзінше жасөспірімнің бетіне және денесіне бірнеше рет соққы жасаған. Осылайша ол денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірді", - деді сот.

 

Процесс барысында директордың кінәсі дәлелденді. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140-бабының 1-бөлігі бойынша (кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) кінәлі деп танылды. Үкім ювеналды сотта шығарылды.

 

Сот мектеп директорына 222 мың теңгеден астам мөлшерде (80 АЕК көлемінде) айыппұл салды. Жазаны тағайындау кезінде сотталушының бірінші рет қылмыстық құқық бұзушылық жасағандығы ескерілді.

 

Сондай-ақ, мұғалім екі жылға педагогикалық лауазымдарды иелену және жасөспірімдермен жұмыс істеу құқығынан айырылды.

 

Сот облыстық білім басқармасы басшылығына қарсы жеке қаулы шығарып, онда қауіпсіз орта құру үшін профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.

 

Естеріңізге сала кетейік, БҚО тұрғыны мектеп директорын "баламды соққыға жықты" деп айыптаған еді.

 




Көрілген: 692    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.06.2020, 17:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30