Жаңалықтар

Оқытушылардың жалақысын көбейту керек – Аймағамбетов

  • Оқытушылардың жалақысын көбейту керек – Аймағамбетов

    Оқытушылардың жалақысын көбейту керек – Аймағамбетов

Министр 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы екі есе, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есе өсетінін атап өтті. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов университет оқытушыларының жалақысы өте төмен екенін мәлімдеп, оны ұлғайту қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, 2019 жылы білім министрлігіне қарасты университеттер педагогтарының жалақысын 20%-ке көтерді. Ал былтыр тағы 20%-ке өсірді.

"Бұл жұмысты әлі де жалғастыруымыз қажет. Өйткені, шын мәнінде, бүгінгі күні жоғары оқу орындары педагогтарының жалақысы өте төмен. Мектептермен, колледждермен салыстырсақ, бәсекеге қабілетті емес. Сондықтан бұл жұмысты жалғастыру барлық ректордың алдында тұрған басты міндеттердің бірі екені белгілі", - деді Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оқи отырыңыз: Қазақстан 12 жылдық білім беруге 2023 жылдан бастап көшеді 

Сондай-ақ, ол 2025 жылға дейін студенттердің шәкіртақысы екі есе өсетінін атап өтті. Магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге көтеріледі.

Кеңейтілген отырыста ұсынылған презентацияға сүйенсек, шәкіртақы:

бакалавр – қазіргі 26 186 теңгеден 2025 жылға дейін 52 372 теңгеге дейін;
магистранттар –  66 913 теңгеден 117 098 теңгеге дейін;
докторанттар – 150 000 теңгеден 262 000 теңгеге дейін.




Көрілген: 325    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.03.2021, 12:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31