Өнерлінің өрісі кең

Өнерлінің өрісі кең

Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Бала бойындағы дарынды байқап, оны дамыта білу - ұстаздың шеберлігі. Балабақшада әр баланың қабілеті, дарыны, икемі байқалады. Ұстаздар әр баланы жеке зерттеп, өзінің бейіміне байланысты жұмыстар атқарады.

Бір бала сурет салғанды ұнатады, ал біреуі спортты жақсы көреді, кейбірі музыка тыңдағанды жаны сүйеді. Осындай тәрбиеленушілердің бірі өзінің өнерімен жұртты тәнті еткен –Талап Қайнар Артурұлы. 2015 жылдың 7 наурызында Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылында дүниеге келген. Сол ауылдың «Ақ сұңқар» бөбекжайына кішкентай Қайнар 2017 жылы қабылданды.

Баланың бойындағы музыканы сүюге, оның тілін түсіне білуге, яғни олардың көркемдік талғамымен тәрбиелеу жолында музыка жетекшісі Бижанов Елдар Қойшыбайұлының орны ерекше. Музыка жетекшісі өзінің тәрбиеленушісі туралы өз ойын білдірді.

«Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты – музыка өнері арқылы баланың өмірге деген көзқарасын, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз халқының өнерін, салт - дәстүрін жоғары бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу. Балабақшаға келгенде Қайнардың вокалдық қабілетін ерекше екенін байқап, сол бойынша кәсіби біраз дайындық жұмыстарын жүргіздім. "Өнерлі өрге жүзер" деп осындайда айтса керек. Өнерлі өрен мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алда әлі талай жарыстар бар. Соған дайындалуымыз қажет. Бөбекжай ұжымы Қайнардың болашағынан үлкен үміт күтеді. Талай жарыстардың жеңімпазы болады деп сенеміз! Қайнарды үлкен сахналардан көргіміз келеді» - деп тоқталып кетті.

Қайнар Артурұлы бөбекжайда өткен бүлдіршіндер арасында «Айгөлек» балалар байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Аудандық тіл ұстартып өнер шашпақ байқауының «Шабыт жұлдызы» эстрадалық – вокал номинациясында Қайнар 2-ші орын алды. Өте зерек, әндерді тез жаттап алады. Бөбекжайда өткен «Бала дауысы», «Ақ көгершін» байқауларына қатысып, бөбекжай абыройын асқақтатты. Қайнардың болашағының жарқын боларына, сенеміз! Өнерің өрге бассын, өнерлі бүлдіршін!

Бижанов Елдар Қойшыбайұлы.

Батыс Қазақстан облысы,

Бөрлі ауданы,

Бөрлі ауылының «Ақ Сұңқар»

бөбекжайының музыка жетекшісі 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста