Жаңалықтар

Онлайн – саяхат: Алматы. Кеше. Бүгін.

  • Онлайн – саяхат: Алматы. Кеше. Бүгін.

    Онлайн – саяхат: Алматы. Кеше. Бүгін.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті, Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында  әлемнің әр елінен келген ұлт өкілдері қазақ және орыс тілдерін меңгеріп, қазақ халқының салт-дәстүрін, ата тарихынан білім алуда.

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге танытып, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды, білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерін дәріптеп, шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыруда үлесі зор деп есептеуге болады.

 

Еліміздегі Ұлы тұлғаларды, тарихи-мәдени ескерткіштерді халыққа, шетелдіктерге таныту, оларды насихаттау, тарихын жете зерделеу, жаңғырту, сақтау, дамыту – ұлттық бірегейліктің басты тірегі болып табылады.

 

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында жүргізілетін тәрбие жұмыстары да – оқу үдерісінің ажырамас бөлігі.

 

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – тіл үйреніп жатқан  шетелдік азаматтарды жаңа ортаға бейімдеу, қазақ елінің тарихымен, мәдениетімен таныстыру.  Осы бағытта  кафедра оқытушыларының жетекшілігімен  құрылған «Қазақ елін  тану», «Саяхат» клубтары, «»Аймақ тарихы және мәдениеті» орталықтары өз жұмыстарын жандандыруда. Қала өмірімен таныстыру мақсатында клуб, орталық жетекшілері тіл үйренушілерге онлайн форматта  «Алматы. Тарих және қазіргі заман» атты іс-шара өткізіп, Алматы қаласының өткені мен бүгінгі күнгі тарихымен таныстырды.

 

Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында орналасқан Қазақстанның ең үлкен қаласы – орта ғасырларда Алмалы, 1921 жылға дейін – Верный, қазір – Алматы деп аталатын әсем қаланың әр кезеңі туралы бейнебаяндар көрсетіліп, қаланың көрікті жерлері таныстырылды.

 

Тянь-Шань кейде Тәңір тау деп аталатын биік шыңның жоталарының етегінде орналасқан ертегідегідей қаланың әсем табиғаты мен әлемге әйгілі апорт алмасының керемет бейнелерін  көрген  шетелдік азаматтар көпке дейін ұмыта алмастай әсер алғанын айтуға болады.

 

Қаланың сәулетті жерлері, мұражай, театр, сауда және ойын-сауық орталықтары, саяжайлар мен демалыс орындары да назардан тыс қалмады. Осындай жүргізілетін кең ауқымды жұмыстар онлайн форматында болса да, шетел азаматтары әсем

 

Алматы қаласы жайында мол мағлұмат алып, олардың  қазақ елін тануға деген қызығушылықтарын оятады деген сенімдеміз.

 

 

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру

дайындығы кафедрасының оқытушылары:

 

Дүйсенбаевав Р.И

Азнабакиева М.А.

Қурманова Т.В.




Көрілген: 223    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 18:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31