Жаңалықтар

Онлайн білім беру: 24 мың ұстаздың құрал-жабдығы дайын емес

  • Онлайн білім беру: 24 мың ұстаздың құрал-жабдығы дайын емес

    Онлайн білім беру: 24 мың ұстаздың құрал-жабдығы дайын емес

 Оқу жылының басталуына 11 күн қалғанда еліміздің барлық аймағында мұқтаж студенттерді және оқытушыларды қамтамасыз ететін компьютерлік жабдықтардың жетіспеушілігі байқалып отыр. Бұл жайында «Nur Otan» партиясының Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцев карантин жағдайында мектептерді компьютерлік техникалармен қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерге арналған отырыста айтты.

Отырыс білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғара және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Азамат Батырқожаның қатысуымен өтті. Павел Казанцев атап өткендей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қашықтықтан оқытуды сапалы ұйымдастыру мәселесін пысықтауды тапсырды. «Nur Otan» партиясы өз кезегінде осы тапсырманың орындалуын бақылап, мониторниг жүргізетін болады. Қазіргі уақытта елімізде 3,3 миллионнан астам оқушы бар, және олардың көпшілігінде қашықтықтан оқытуға арналған компьютерлік жабдықтар жоқ. Аймақтардағы мектептер мүлде дайын емес: республикадағы 24 мыңға жуық мұғалімнің онлайн білім беруді ұйымдастыруға қажетті құрал-жабдықтары (жеке компьютерлері) жоқ, ал тағы 2 мыңы үшін интернет қол жетімді емес.

«Оқу жылының басталуына 11 күн қалғанда еліміздің барлық аймағында мұқтаж студенттерді және оқытушыларды қамтамасыз ететін компьютерлік жабдықтардың жетіспеушілігі байқалып отыр, көптеген елді мекендерде жоғары сапалы интернетке қол жетімділік проблемалары әлі де бар, демек, оқу процесінің сапасын жоғалтудың нақты қаупі бар», - деді Партиялық бақылау комитетінің төрағасы.

Білім және ғылым вице-министрінің айтуынша, компьютерлері жоқ оқушылар ең көбі

Батыс Қазақстанда - 64% (68 825 оқушы);

Жамбылда - 42,5% (99 852 оқушы);

Алматыда - 38,9% (87 527 оқушы);

Маңғыстауда - 32,4% (49 652 оқушы);

Ақтөбе - 28,1% (44 485 оқушы);

Түркістанда - 22,3% (111 555 оқушы);

Ақмолада - 23,9% (31 656 оқушы).

Республикамызда 402 462 оқушыда үйде қолданатын интернет жоқ.

Ең жоғары көрсеткіштер:

Маңғыстау облысында - 23,6%;

Түркістан облысында - 22,3%;

Жамбыл облысында - 19,5%;

Алматыда - 19%.

Негізінен әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары компьютермен және интернетпен қамтамасыз етіледі. Қазір олар 500 мыңнан астам. Бүгінгі таңда оқушаларға 155 627 компьютер берілді. Қалған аймақтар бүгіннен бастап бере бастайды. Екі ведомствоның мектептерді компьютерлік жабдықтармен және интернетпен қамтамасыз етуге жауапты вице-министрлерін тыңдаған «Nur Otan»-ның Партиялық бақылау комитетінің төрағасы, жақында өткен үкімет отырысында жетім балалар, тұрмысы төмен және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды компьютермен қамтамасыз ету қажеттілігі туралы білім және ғылым министрлігі ұсынған мәліметтердегі сәйкессіздікке назар аударды.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, бұндай қажеттілікке ие оқушы саны 450 мыңнан асып жығылады. Алайда премьер-министрдің айтуынша 500 мыңнан астам. Сондай-ақ, ол 1 қыркүйекке дейін мектептерді компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесіне алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, оқу жылы басталғанға дейін жарияланған немесе есептелген сұраныстың тек 2% -ы ғана қамтылады. «Ал 1 қыркүйектен кейін компьютер ала алмайтын отбасылар, әсіресе табысы төмен және көп балалы отбасылар туралы не айтуға болады?

Осы 2% компьютер қалай таратылады?», – деп орынды сұрақ қойды Казанцев. Интернетке қол жетімділігі де бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Екі министрліктің ақпаратына сәйкес, проблемасы көп 3038 мектептің 53-і интернетпен қамтамасыз етілмеген, ал 3 мыңға жуығы төмен жылдамдықты интернет қолданады. Жиналысты қорытындылай келе, Павел Казанцев Комитет пен өңірлердегі партиялық бақылау комиссиялары тиісті мемлекеттік органдардың баяу жұмыс істеуіне байланысты анықталған барлық фактілерге партиялық ықпал ету шараларын дереу қабылдауы қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, студенттер мен оқытушыларды арнайы бақылау үшін компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесін шешіп, жергілікті партиялық бақылау комиссиялары мен мәслихаттардағы фракция депутаттарын, бастауыш партия ұйымдарын тарта отырып, 1 қыркүйекте оқушылар мен оқытушылардың басым көпшілігі қажетті компьютерлік жабдықтармен және сапалы интернетпен қамтамасыз етілуі үшін,осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстарға үнемі бақылау ұйымдастырып отыру қажет. Өз кезегінде Білім министрлігінің өкілдері қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жұмысына үшін барлық күш-жігерлерін салатындықтарына сендірді. Министрдің орынбасары

Рүстем Биғараның айтуынша, қазіргі уақытта өңірлерде 299 736 дана компьютер бар. Жергілікті атқарушы органдар тағы 132 мың компьютер сатып алады. Жабдықтардың жетіспеушілігін жою үшін құралдарды сатып алуға мемлекеттік резервтен 75 млрд. теңге бөлінді. Басқа да бірқатар шаралар пысықталуда.Барлық құқықтар сақталған.

turkystan.kz




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

жұма, 21.08.2020, 00:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31