Онлайн форматта өткен тәрбиелік іс-шара

21 қазан 2020, 16:41

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердіңи тілдік және жалпы білім беру кафедрасында тәрбие жұмысы бойынша танымдық іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады.

 

2020 жылдың 17 қазанында "Өлкенің тарихы мен мәдениеті" орталығының жетекші оқытушылары "Саяхат" клубымен бірлесе отырып, қазақ тілін үйреніп жүрген бастауыш деңгейдегі студенттерді Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласымен таныстырып, "Нұр-Сұлтан - тәуелсіз Қазақстанның елордасы" атты ашық тәрбиелік іс-шарасын онлайн форматта өткізді.   

 

Өткізілген іс-шараның жалпы мақсаты шетелдік студенттерді Нұр-Сұлтан қаласының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен және көрікті жерлерімен таныстыра отырып, Нұр-Сұлтан қаласы туралы білімін жетілдіру және кеңейту, қалаға деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты, төзімділік, достық пен өзара түсінушілікті тәрбиелеу болып табылады.

 

Жиында сөз алған кафедра оқытушылары Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлері, бүгінгі көрінісі, мәдени-саяси жүйесінің маңыздылығы туралы сөз етті.

 

Іс-шараның онлайн форматы тыңдаушыларға бейнефильмді, сондай-ақ еліміздің бас қаласының тарихы мен бүгінгі күні туралы презентацияны көрсетуге мүмкіндік берді. Әдетте, шетелдік студенттер Қазақстан астанасының қалыптасуымен байланысты барлық нәрсені үлкен қызығушылықпен қабылдайды. Студенттер Нұр-Сұлтан қаласы жөнінде көптеген сұрақтар қойды. Іс-шара барысында оқытушылар шетелдік азаматтардың көптеген сұрақтарына жауап берді.

 

Сонымен қатар, бұл шетелдік студенттер аталған онлайн форматта өткен іс-шараға белсенді қатыса отырып, қазақ тілін меңгерген деңгейлерін көрсете білді.

 

 

Азнабакиева М. А., Курманова Т.В.

Шетелдіктердің тілдік және

жалпы білім беру дайындығы

кафедрасының оқытушылары