Жаңалықтар

Онлайн оқу платформасына бірнеше жойқын шабуыл жасалды

  • Онлайн оқу платформасына бірнеше жойқын шабуыл жасалды

    Онлайн оқу платформасына бірнеше жойқын шабуыл жасалды

OnlineMektep.org карантин кезеңінде қазақстандық оқушылар білім алатын негізгі ресурс. 1 қыркүйектен бері платформада күн сайын 1,5 миллионнан аса оқушы сабақ оқиды. Қазақстандық OnlineMektep.org қашықтан оқу плафтормасына бірнеше күн қатарынан Қазақстаннан тыс аумақтан жойқын DDoS шабуылдар жасалды, деп хабарлайды Bilim Media Group баспасөз қызметі.

Платформаны әзірлеушілердің пікірінше, бұл шабуылдар пайдаланушылардың сенімін бұзуды көздеп қасақана ұйымдастырылған.

"Бүгін OnlineMektep Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік техникалық қызметінің қорғауы арқасында шабуылға төтеп берді. Бүгінгі сыртқы DDoS шабуыл платформаға он есе артық салмақ түсірді. Бұл – Қазнет тарихындағы ең үлкен цифрлық шабуылдың бірі", - деді жоба жетекшісі Санжар Кенжеханұлы.
Сондай-ақ, желіде платформа қолданушыларының жеке аккаунтарын бұзуды ұсынатын қаскүнемдер пайда болды. Мұндай қылмыстық әрекет туралы ақпарат құқық қорғау органдарына беріледі.

Құрастырушылар цифрлық даму, инновацияларжәне аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен білім және ғылым министрлігіне алғыс білдірді. Ведомстволар мәселені шешуге қолдау көрсеткен.

Айта кетсек, OnlineMektep.org карантин кезеңінде қазақстандық оқушылар білім алатын негізгі ресурс.

OnlineMektep негізінде 3,5 мыңнан аса мектептің оқу процесі ұйымдастырылған. 1 қыркүйектен бері платформада күн сайын 1,5 миллионнан аса оқушы сабақ оқиды.

Оқу жылының басынан бері мұғалімдер платформа ресурстары негізінде 3 миллионнан аса онлайн-сабақ өткізді, 160 миллиондай парақша қаралып, 500 миллионға жуық жаттығу орындалды. Платформаны әр секунд сайын бір мезгілде 70 мыңнан 80 мыңға дейін бірегей қолданушылар пайдаланады.

Бұл платформаны Bilim Media Group компаниясы мен «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы бірлесе дайындаған. Қазіргі кезде ресурста бірінші тоқсанның оқу бағдарламасын қамтитын 5700 цифрлық сабақ, 140 мың жаттығу жүктелген. 




Көрілген: 285    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 16:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31