Жаңалықтар

Оралда оқушылар сабақтан кейін ауруханаға жеткізілді

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Орал қаласының №3 мектебінде сабақта қосылып тұрған кварцты электр шамынан жетінші сынып оқушылары зардап шекті. Бірнеше баланың көзі күйіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына сілтеме жасап.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, ауруханаға 8 бала келген. Ал екі баланың ата-анасы жедел жәрдемді үйге шақырыпты.

 

"Қазіргі кезде балалардың барлығы үйде емделіп жатыр. Ауыр жарақат жоқ. Көздерін жуып, дәрі тамызып қойды. Енді олар демалуы керек. Жарық сәулеге қарауға болмайды", - дейді дәрігерлер.

 

Полиция департаменті ата-аналар тарапынан арыз түспегенін хабарлады. 

 

"Үзіліс кезінде кварцты электр шамын қосып қойған. Шамасы артынан сөндіруді ұмытып кетсе керек", - деп атап өтті полицейлер. 

 

Ал білім басқармасы кварцты электр шамын балалардың өздері қосуы мүмкін деп отыр.

 

"3 қыркүйек күні үлкен үзіліс кезінде сағат 15:35 пен 15:50-дің арасында балалар №218 кабинетте отырған. Мұғалім болмаған. Бәлкім, сол кезде шамды өздері қосқан шығар. Соның салдарынан сыныпта отырған балалар задап шекті", - деді басқарма мамандары.

 

Айта кетері, тура сондай жағдай Өскемен қаласында болған. Бірнеше баланың көз шынайнасы күйіп қалды. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Тексеріс кезінде бір кабинетте кварцты электр шамы бірнеше сағат бойы қосылып тұрғаны анықталды.

 

 

 




Көрілген: 379    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 17:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31