Жаңалықтар

«ӨРЛЕУ» болашақты ӨРКЕНДЕТЕМІЗ деп отыр.

  • «ӨРЛЕУ» болашақты ӨРКЕНДЕТЕМІЗ деп отыр.

    «ӨРЛЕУ» болашақты ӨРКЕНДЕТЕМІЗ деп отыр.

«Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері орасан зор адамдардың уақыты». «Білімді, сауатты, бәсекеге қабілетті адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші болмақ». «Тәрбиесіз білім – халықтың қас жауы», «Қазақстандағы білім жүйесі инновациялық жолмен жүйелі түрде дамып келеді».

Дәл осы сөйлемдер «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған республикалық ғылыми-практикалық конференцияда жиі айтылды. Осыдан-ақ «ҚР білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың бойында патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру» деп аталып, айдар тағылған жиынның еліміздегі білім саласы үшін аса маңызды шара болғанын аңғару қиын емес.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Жауынбай Қараев, Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова мен Алматы облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Салтанат Досматова оыс шараның ашылуына байланысты құттықтау сөз сөйледі.

Жиынға сондай-ақ Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының өкілдері, түрлі Жоғарғы оқу орындарының қызметкерлері мен жоғарғы категориялы ұстаздар баяндама жасап, қазақ-орыс тілінде «Мәңгілік ел» болудың жолдары, инновациялық білім беру тетіктері, ерлік, білімге құштарлық, салт-дәстүрді ұлықтау, әлемдік білім бәсекесінде көштен қалып қалмау жолдары ұсынылып, талап-тілектерін айтты.

Серік Нұрмұратов, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты директорының орынбасары:

- Мемлекет Басшысының қолдауымен 2003-2011 жылдары жүзеге асырылған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 100 томдық «Бабалар сөзі» жинағы, ғұлама ғалым әл-Фарабидің араб тілінен аударылған 10 томдық еңбектерінің өзі өзіміз әлемді және әлем бізді танытуда өлшеусіз үлес қосып отырғанын атап өткен жөн. Негізінде материалдық байлықпен бірге рухани азық алған ұлт қана бүгінгідей бәсекеге төтеп бере алмақ. Сондықтан дәл қазір білімнен асқан жолды мен көріп отырған жоқпын. Ал Өрлеу ұйымдастырып отырған бүгінгі шара барысында ұрпақ тәрбиелеу ісінде, білім берудің тиімді жолдарын игеруде қазақ елі әлем бойынша озық мемлекеттермен иық тірестіруге жарап қалғаны белгілі болып отыр. Айтылған ұсыныстар, жоспарлар көңілге қонады, әрі дер кезінде көтеріліп те отыр. Маған әсіресе Өрлеу қызметкерлері ұсынған оқушылардың сабақтан тыс уақытта өзін өзі жетілдіруге арналған бағдарлама ұнап отыр. Және оның болашағы зор, ұрпаққа берері мол деп білемін.

Конференция Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған.  




Көрілген: 1847    Пікірлер: 0

жұма, 20.11.2015, 15:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қараша, 02:44
    Біз жастарға сенеміз
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31