Жаңалықтар

Өзбекстан Қазақстандағы студенттерін кері қайтарып жатыр

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Өзбекстан билігі Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан отандастарына өз елінің жоғары оқу орындарына ауысуды ұсынды, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан тілшісіне елдің жоғары және орта арнаулы білім министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Бұған дейін өзбек студенттерінде мұндай мүмкіндік болмаған. Билік өз еркімен ауысу бағдарламасын іске қосу туралы шешім қабылдады. Оған Президенттің халықтық қабылдауында болған көптеген ата-ананың балаларына ақша жіберудің қиын екенін айтып шағымдануы себеп болды. Сондай-ақ тұрғындар көрші елдердің жоғары оқу орындарындағы білім сапасына көңілі толмайтынын жеткізген.

 

Министрлік атап өткендей, өзбекстандықтарға оқуын отанында жалғастыруға ғана мүмкіндік беріледі, қалған мәселелерді өздері шешуі керек.

 

Сонымен бірге Өзбекстан сыртқы істер министрлігі Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан оралғысы келетін студенттер осы елдердегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің жауапты қызметкерлерімен байланыса алатындығын хабарлады.

 

Нөмірлер тізімі:

 

Қазақстандағы елшілік (Нұр-Сұлтан): +7 777 218 20 10, +7 771 200 87 52;

Қырғызстандағы елшілік (Бішкек): +9 965 557 001 45;

Тәжікстандағы елшілік (Душанбе): +9 929 388 844 42;

Ақтаудағы Бас консулдық (Қазақстан): +7 729 277 71 17, +7 777 599 00 52;

Алматыдағы Бас консулдық (Қазақстан): +7 727 390 26 16, +7 777 950 44 33, +7 777 950 44 55, +7 777 950 44 22, +7 777 950 44 11.

 

sputnik
 




Көрілген: 311    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.02.2020, 19:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29