Жаңалықтар

Патриот жастар көбейсін десек. . .

  • Патриот жастар көбейсін десек. . .

    Патриот жастар көбейсін десек. . .

Еліміздің болашағы жарқын болуы үшін өскелең ұрпақ пен жастардың тәрбиесін басты назарда ұстап, ерекше көңіл бөлуіміз керек. «Тәрбие - тал бесіктен басталады», – демекші, болашақ ұрпағымыздың патриот болып қалыптасуына бірінші кезекте ата-анасының ықпалы зор екенін түсінуіміз керек.


Мұны неге айтып отырмын? Көпшілікке топырақ шашуға болмайды, бірақ кейбір ата-аналар баланы дүниеге әкелгенімен, балабақшаға, мектепке бергеннен кейін тәрбиешілер мен ұстаздар жауап беруі тиіс деген қағиданы ұстанады. Бұл қате ұғым. Ерте көктемде жас шыбықты еккенде, түзу өссін деп, жан-жағындағы бұтасын қырқып, суғарып күтесіздер ғой. Баланы да сол секілді теріс ағымға кетіп қалмауы үшін, қасындағы достарын, араласатын ортасын бәрін қадағалап, қарар отыру ата-ананың міндеті.


Қазіргі заманда бала жан-жақты болу керек. Ол үшін – ұлттық санасы қалыптасқан, ұлттың тарихи-мәдени құндылықтарын бағалайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу керек. Айтуға оңай...


Сол тәрбиелеу барысында қандай жұмыстар атқарған жөн? Ұлтжанды жас болып қалыптасу үшін не керек? Ең алдымен, өз түп тарихын жете танығаны дұрыс. Жеті атаның қадірін, ата-баба даналығын, елім-жерім деген батырлардың ұлтжандылығын санаға сіңіруі керек. Сонымен қатар әртүрлі патриоттық іс-шараларға қатысып, Отан алдындағы жауапкершілік пен парызын сезінуі қажет. Адамгершіліктің ең жоғары түрі – бауырмалдық, бүкіл адам баласын бауыры санап, көпшіл болу, ұлтжандылық қасиетті қастерлеу. Азаматтық тәрбие сана-сезімді, дүниетанымды қалыптастырудан басталып саяси-идеялық тәрбие арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа әкеледі. Бұл екеуі – егіз ұғым.


Осы мақсатта «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, «Туған жер» атты жобаны қолға алды. Бұл жоба аясында шығармашалық және поэзиялық байқау, дөңгелек үстел, фестифаль өткізіледі. Жобаға республика бойынша төрт мыңдай адам қамтылу жоспарланып отыр.


Ұлтжанды ұрпақ өссін десеңіз, бізбен бірге болыңыз, ағайын! Жобаның егжей-тегжейлі жоспары алдағы уақытта интернет-ресурстарда жарық көреді.


Сымбат Жұлдызбай




Көрілген: 683    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.07.2019, 19:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30