Жаңалықтар

Павлодарда мектеп карантинге жабылды

  • https://www.pravda.com.ua/

    https://www.pravda.com.ua/

Коронавирус инфекциясы бастауыш сыныпта оқитын үш оқушыдан және бір мұғалімнен анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Осыған орай санитарлық дәрігерлер білім ордасына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Кезекші сыныпқа баратын барлық оқушы қашықтан оқуға көшірілді. Олардың бәрінен коронавирусқа қарсы сынама алынды. Әзірге нәтижесі шыққан жоқ.

 

Дәрігерлердің айтуынша, балалардың жағдайы жақсы, амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр.

 

 Жалпы оқу жылы басталған қыркүйек айынан бері вирус өңірдегі төрт балабақша мен екі мектепте тіркелген. Осы уақыт аралығында жеті бала мен бір мұғалімнің ауруға шалдыққаны белгілі болды. 

 

Әсия Жүкібаева, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

 

 &ndash Қазіргі кезде тек бір ғана білім ошағы, яғни №34 мектеп жабылды. Қаулыға сәйкес үштен көп оқиға тіркелген жағдайда коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату үшін аумақтық ұйым шешім қабылдайды. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Оқу үрдісі қыркүйектің 19-нан қарашаның 1-не дейін оқушылармен қатар ұстаздар үшін де тоқтатылды.




Көрілген: 154    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.10.2020, 13:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30