Жаңалықтар

Павлодарда оқушыны жылатқан мектеп директоры жазаланды

  • Көрнекі фото.  https://shkolala.ru/

    Көрнекі фото. https://shkolala.ru/

Павлодарда №22 мектеп директоры 6-сынып оқушысына қатысты әрекетіне байланысты жазаланды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

 

"Мектеп директорына сөгіс жарияланды. Оқушының ата-анасымен байланыстық, олардың наразылығы жоқ. Оқушы да жағдайды түсінді, жанжал тыйылды", - деп мәлімдеді басқарма.

 

Бұған дейін мектеп директорына 6-сынып оқушысының оқу орнына қалай киініп келгені ұнамағаны, сол себепті оқушыны жетектеп басқа сыныптарға кіргені хабарланды. Директордың бұл әрекетінен кейін қыз жылап қалған. Соған байланысты оқушының әкесі әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді.

 

"Павлодарда №22 мектеп директоры Мәмбетова ханым 6-сынып оқушысын қолынан жетектеп, алдымен 5-сыныпқа, содан кейін 11-сыныпқа апарып, барлығына оның талапқа сай киінбегенін көрсеткен. Қыз жылап, күйзеліске түсті", - деп жазды Facebook қолданушысы Қанат Қазбек.

 

Ол мұғалім өз өкілетін асыра пайдаланып, бала құқығын бұзды деп санайтынын жеткізді.

 

Желідегі бұл жазбаға мектеп директоры Майра Мәмбетова пікір білдірді.

 

"Оқушыға джинсы мен футболкаға қатысты ауызша ескерту жасалды. Мысал ретінде көрші кабинетте оқитын оқушылардың классикалық үлгідегі киімі көрсетілді. Қыз ренжіп қалды. Отбасыдан кешірім сұралды. Қазір қыз қала сыртында, келген соң психологиялық көмек көрсетіледі", - деді ол.

 

Бұған дейін Қазақстанның білім министрлігі оқу жылында қазақстандық оқушылар міндетті мектеп формасын киюден босатылып, мектепке классикалық киіммен бара алатынын айтты.

 

 

 




Көрілген: 467    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 21:59

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31