Жаңалықтар

Пермьдегі атыс: Аймағамбетов Қазақстан жоғары оқу орындарындағы қауіпсіздік туралы мәлімдеді

  • Пермьдегі атыс: Аймағамбетов Қазақстан жоғары оқу орындарындағы қауіпсіздік туралы мәлімдеді

    Пермьдегі атыс: Аймағамбетов Қазақстан жоғары оқу орындарындағы қауіпсіздік туралы мәлімдеді

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Пермь университетінде болған атыс туралы пікір білдірді. Сонымен қатар Қазақстандағы оқу орындарында қабылданған қауіпсіздік шаралары туралы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Пермь университетінде атыс салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін. Бұл қайғылы оқиға еліміздегі мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарында балалардың қауіпсіздігін күшейтудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді", - деп жазды Аймағамбетов.

 
Оның сөзінше, оқу орнының әрбір басшысы балаларды қорғау мәселесіне басымдық беруге тиіс.

Ел президенті бұған дейін білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді. Бұл мәселе үкімет отырысында егжей-тегжейлі қаралып, әкімдіктерге міндет жүктеді.

"Жоғары оқу орындарының басшылығына оқу корпустары мен жатақханаларда қауіпсіздікті күшейту туралы жеке тапсырма берілді. Бұл тапсырмалар – жабдықтарды түгендеу, жедел басқару орталығына бейнекамераларды қосуды қамтамасыз ету, жоғары оқу орындарына кіру режимін күшейту және төтенше жағдайлар туындаған кезде қабылданатын іс-қимылдар бойынша сабақтар өткізу", - деді Аймағамбетов.

Сондай-ақ министр қазір министрлік басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп білім беру объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру бойынша құжат әзірлеп жатқанын айтты.

"Осы нормативті-құқықтық актіні талқылау барысында 2000-нан астам сұрақ пен пікір түсті. Бұл құжат көптеген азаматтарды алаңдататынын білеміз. Олар дабыл батырмаларын, бейнебақылау жүйесін, турникеттерді орнатуға және төтенше жағдайлардағы оқу-жаттығулар өткізуге қарсы екендігін жазды. Бұл ережелер балаларға қауіп төндірмейді, керісінше олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған", - деп мәлімдеді министр.

Аймағамбетовтың айтуынша, әрбір білім беру ұйымында барлық қауіпсіздік шарасы қабылдануы қажет. Әкімдіктер бұл мәселені кешенді шешу үшін қосымша қаражат бөледі.

"Бұл бейнебақылау камералары, күзет сигнализациялары, дабыл батырмалары, жедел басқару орталығына бейнекамераларды қосу, өткізу режимімен және қауіпсіздік жүйесінің басқа да элементтерімен жабдықтау мәселелеріне қатысты болып отыр", - деп түйіндеді ол.

Төтенше жағдайлар кезінде техникалық шаралардан бөлек, қызметкерлер мен оқушылар қандай шара қолдану керек деген ақпаратты да білуі қажет.

Айта кетейік, бүгін белгісіз адам Пермь мемлекеттік университетіне оқ жаудырды. Қазіргі уақыттағы мәлімет бойынша 8 адам қаза тауып, 28 -і жараланғаны белгілі. Кейбір мәліметтер бойынша, атысты шығарған 18 жастағы студент Тимур Бекмансуров есімді азамат болуы мүмкін.

Сонымен қатар, қылмыскердің “Мен бұл туралы ұзақ ойлап жүрдім, жылдар өтті, мен армандаған нәрсені іске асыруға бір сағат қалғанын түсіндім" – деп жазған сөздері тараған. 




Көрілген: 338    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.09.2021, 18:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31