Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Петропавлда оқушылар түнгі уақытқа пәтер жалдаған

17 наурыз 2023, 10:51

Петропавлда 12-16 жастағы 13 жасөспірім әке-шешесін алдап, кеш өткізу үшін түнгі уақытқа пәтер жалдаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Bugin.kz-ке сілтеме жасап.

Олардың ата-анасына хаттама толтырылды. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы Амангелді көшесіндегі көппәтерлі үйдің тұрғындары түнгі сағат 03.00 шамасында полицияға хабарласып, жалға берілетін пәтерде кәмелет жасқа толмаған балалардың болуы мүмкін екендігін айтқан.

 

Оқиға орнына ювеналды полицейлер барып, қысқа мерзімге жалға берілетін пәтерде 12-16 жас аралығындағы 13 жасөспірім болғанын анықтады.

 

"Олардың барлығы өз ата-аналарын туыстарында немесе достарында түнейміз деп алдаған. Түн ортасында ата-аналар балаларын полиция бөлімінен алып кетуге мәжбүр болды. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуына жол бергені үшін оларға әкімшілік хаттама толтырылды", - дейді тәртіп сақшылары.

 

Полицейлер жұмыс күндері сағат 22.00-ден таңғы 9.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23.00-ден 10.00-ге дейінгі уақытта тыныштықты бұзуға болмайтынын еске салады. Заңды бұзған жеке тұлғаларға 5 АЕК (1 АЕК – 3450 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Жыл басынан бері

 

Петропавл қаласы бойынша түнгі тыныштықты бұзуға қатысты полицейлерге 500-ге жуық қоңырау түскен. Соның үштен бірінде тәртіп жалға берілетін пәтерлерде бұзылған.