Жаңалықтар

Петропавлдық оқушы тамақ сапасын анықтайтын биоиндикатор ойлап тапты

  • https://almaty.tv/

    https://almaty.tv/

Петропавлда мектеп оқушысы тағамның сапасын анықтайтын индикатор ойлап тапты. Айтуынша, дәл осы тақырыпты зерттеуіне туысының бүлінген тағамды қолданып, сырқаттанып қалуы себеп болған. Қазақстанда мұндай биоиндикатордың баламасы жоқ екенін айтты жас өнертапқыш, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 

Нәби Ғали Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы. Айтуынша, қазір дүкен сөрелеріндегі тағамдардың балғындығын анықтау қиын. Кезінде 78 жастағы әжесі білместікпен бұзылған сүтті қолданып, төсек тартып қалыпты. Ал бұл индикатор арқылы сүт пен еттің сапасын оп-оңай анықтауға болатындығын айтты.

 

«Менің ойымша бұл жоба ересек адамдар үшін немесе бүлдіршіндер үшін тиімді болып есептеледі. Себебі, дүкен сөрелерінде қаптаманың сыртында жазылған сақтау мерзімдері өте кішкентай шрифтімен жазылады. Және де бұл сандарды көру үшін мысалы үлкен кісілер үшін оңайға соқпайды. Ал индикатор арқылы түс өзгерісін қарап, сүттің бүлінгенін немесе бүлінбегенін біз аңғара аламыз» - деді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Нәби ҒАЛИ.

 

Нәби ғылыми жобамен айналысу барысында ғаламатор мен әдебиеттерден көп ізденгенін айтады. Яғни, биоиндикаторға қажет пигментті табуға біраз уақыт кеткен. Айлар бойы жүргізген тәжірибелер мен зерттеулерден кейін нәтижеге қол жеткіздім дейді. Тағамның құрамы бүлінген болса көк түсті сұйықтық күлгін түске өзгереді екен.

 

«Бұл индикаторды жасау үшін антоциан деген пигмент керек. Яғни, осы индикаторды жасау үшін антоцианы бар көкеністер қажет. Содан көкеністің құрамындағы осы пигментті бөліп алу арқылы индикаторды жасауға болады. Жоғарыда айтып кеткендей бұл индикаторды жасауға шамамен 20-30 минут кетеді» - деді Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Нәби ҒАЛИ.

 

Оқушыға ғылыми жобамен айналысуға биология пәнінің мұғалімі жетекшілік еткен. Әлемде бұл биоиндикатордың баламасы болғанмен Қазақстанда әлі жоқ. Яғни, бұл алғашқысы.

 

«Нәбиге ғылыми жұмыспен айналысқым келеді, қандай да бір идеяңыз бар ма дегесін осы ұсынысты жасадым. Осындай идея бар, сен жассың, интернет ғаламторды іздеп көр дедім. Принципін түсіндірдім. Азық-түлік өнімдеріне қолдануға болатындай болсын, ертеңіне қандай да бір прикладной саласы болсын дедім. Ғылыми жұмыс қазіргі кезде бұрынғыдай фундаментальді ғылымнан емес дәл қолданысқа келетін ашылған жаңалық болуы керек дедім» - деді Назарбаев зияткерлік мектебі биология пәнінің мұғалімі Садат ДЕМЕУБАЕВ

 

Жас ғалымның айтуынша, биоиндикаторды қолдануға жарамды ету үшін оны ыңғайлы қаптамаға енгізу қажет. Дегенмен сұйықтықтың адам ағзасына зияны жоқ дейді. Алдағы мақсат жобаны толығымен аяқтап, ашқан жаңалығын патенттеп алу. Болашақта биоиндикаторды сүт өндіруші зауыттарға ұсынғысы келеді. 




Көрілген: 144    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.02.2020, 18:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30