Полицейлер елорданың бірнеше мектебін қоршауға алды (видео)

11 қазан 2021, 22:44

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы бірнеше мектептің маңында түсірілген видеолар жарияланды. Роликтерден білім мекемелерінің жанындағы қоршауды, сондай-ақ жедел жәрдем көліктерін көруге болады.

 

 

Полицияның мәліметінше, елорда білім беру мекемелеріне бомба қойылғаны туралы хабар келіп түскен. Тексерістен кейін хабарламалардың жалған екені анықталды.

 

"102" каналына белгісіз біреулер Нұр-Сұлтандағы орта мектептердің электронды мекенжайына жарылғыш заттар қойылғаны туралы хаттар жібергенін хабарлады", - деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Әңгіме үш мектеп туралы болып отыр: №16, 72, 37.

 

Полицейлер оқиға орнына барып, ақпаратты тексерді.

 

"Жарылғыш заттар табылған жоқ. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр", - дейді полицейлер.

 

Полиция департаменті жарылғыш зат туралы жалған хабар бергендер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды. Сондай-ақ азаматтардан үрей туғызбауды және мессенджерлерде жалған хабарламалар жібермеуді өтінді.

 

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте белгісіз біреу Ақтөбедегі сегіз мектептегі салтанатты сап түзеу іс-шарасын тоқтатқан болатын. Екінші күні ол қайтадан сабақты бұзып, дүрбелең тудыруға тырысты.

 

Қаланың жедел құтқару қызметтері барлық нысанды мұқият тексергеннен кейін хабарламаның жалған екені белгілі болды.

 

 

 

sputnik.kz