Жаңалықтар

Президент стипендия мен гранттар туралы жақсы жаңалықты бөлісті

  • © CC0 / vidhyarthidarpan

    © CC0 / vidhyarthidarpan

Қазақстандық студенттердің шәкіртақысы екі есеге өседі. Ал 2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін грант саны 50 процентке артады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Біз студенттерге материалдық қолдау көрсету ісін жалғастыра береміз. Студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттардың  стипендиясы 1,5 есеге көбейеді", -  Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде.

 

Сонымен қатар, 2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін грант саны 50 процентке артады.

 

"Бұл 75 мың студент жоғары білімді тегін алады деген сөз", деді мемлекет басшысы.

 

Бұдан бөлек, айтуынша, 2025 жылға қарай колледждер мен университеттер жатақханаларындағы орындар саны кем дегенде 50 мыңға артады.

 

"Педагог мамандарға сұранысты арттырып, білім сапасын жақсарту мақсатында олардың жалақысы екі есе көбейеді. Жаһандық білім және инновациялық жүйеге енген заманауи зерттеу университеттері білім экономикасының негізін құрауы тиіс. Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша тағы да кем дегенде екі озық өңірлік жоғары оқу орны ашылады", деді президент.

 

 

 




Көрілген: 1027    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.11.2020, 13:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 18:48
    Мен жаңашыл ұстазбын
    20 Желтоқсан 2020
    Менің ұстазым...
    14 Желтоқсан 2020
    Тәуелсіздік туралы эссе

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31