Жаңалықтар

Іргелі өзгерістер бағдары

  • https://www.astana-akshamy.kz/

    https://www.astana-akshamy.kz/

Еліміз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел президентінің жолдауы 1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар келіп, әрбір Қазақстан азаматының назарын ерекше аударды.

 

Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен қиыншылықтары мен өзгерістеріне тоқталып, еліміздің әлеуметтік дамуын, ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап, ел тағдыры үшін маңызды бағыттарға тоқталып өтті.

 

Ел президенті жаңа жағдайдағы Қазақстанның іс-қимыл кезеңін мемлекет басқарудың жаңа үлгісі, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, теңгерімді аумақтық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты-басты басымдық, қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық саласын дамыту, экология мен биологиялық әркелкілікті қорғау, әділетті мемлекет азаматтардың мүддесін қорғау жолында, цифрландыру- барлық реформаның негізгі элементі, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы, ұлттың жаңа болмысы деген сүбелі тармақтарда еліміздегі әрбір азаматтың көкейінде жүрген мәселелерді шешу жолдарын, болашақтағы елдің дамуы мен жаңашылдықтың өзекті жақтарын айқындап берді.

 

Бұл тармақтардағы барлық бағыттардың дамуы ел тағдыры үшін маңызды деп санаймын.

 

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы қарапайым еңбек адамының, зейнеткерлердің, мемлекеттік қызметкерлер мен білім-ғылым саласындағы еңбек етіп жүрген ғалымдардың, қала берді мемлекеттік басшылықта отырған депутаттар мен министрлердің, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әрқайсының міндетін, қызметіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды қадап айтып өтті.

 

Әсіресе қазіргі кезеңде денсаулық саласы қызметкерлерінің еңбегінің бағалануы керектін, оларға әлеуметтік көмектің тағайындалуын тапсырды.

 

Қай қоғам болмасын білімді ешқашан шетке ысырып қойған емес. Қазіргі қоғам- білімді жастардың қоғамы.  Білім беру жолында еңбек етіп жүргендіктен білім саласында болып жатқан барлық өзгерістер мен жаңалықтар бізді де алаңдатады.

 

Ел дамуындағы барлық маңызды деген мәселелерді атап айтып, шешу жолдарын ұсына келе, ел президенті өз жолдауында білім беру саласына тоқталып өтті.

 

Әлем елдеріндегі пандемиялық жағдайларды ескеріп, еліміздегі карантиндік жағдайды қатаң сақтай отырып, білім беру саласының қашықтықтан ұйымдастырылып отырғанын, сондай-ақ қашықтықтан білім беру жүйесінің әдеттегі дәстүрлі сабаққа жетпейтініне тоқталды.

 

Дәстүрлі жүйе бойынша білім алуға барша жағдай жасауды тапсырып отыр. Әрбір оқушы мен ұстаздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолын ескере отырып, дәстүрлі жүйеде білім беруге дайындық жұмыстарын жүргізуді де атап айтты. Қашықтықтан білім беру жүйесінде де барынша дамытылған онлайн білім беру платформаның дайындалу керек екенін қадап айтты.

 

Басты назарды жасөспірімдердің спорт пен шығармашылық тұрғыда білім алуына жағдай жасауға жұмсауды тапсырды.

 

Әрбір жас бүлдіршінге мектепке дейінгі оқу-тәрбие берілуі керектігін, балабақшалар мен мектепке дейінгі білім беру орындарын көбейту үшін жұмыс жасауды, білімді ұрпақтың ел болашағы екеніне назар аудару керектігін айтты.

 

Сонымен қатар Президентіміз жылдағы жолдауында атап айтатын тағы бір мәселе ұстаздардың еңбекақысы жайлы болды.

 

Алдағы қаңтар айында ел ұстаздарының еңбекақысын 25 пайызға өсіруді тапсырды.

 

Өзім де оқытушы ретінде мемлекет тарапынан жасалып отырған әрбір көмек бізді жігерлендірп отыратынын айтқым келеді. Біз ұстаз қауымы еліміздің дамуы мен жаңаруы жолында бар күш жігерімізді сала отырып, еңбек ету өзіміздің басты парызымыз деп санаймыз.

 

Қасым-жомарт Кемелұлы жолдаудың негізгі түйіні ретінде ұлт қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», деген даналық сөзімен бекітіп, ел азаматтарын жаңарған жаңа заманда, отанымыздың алдында адал білімімен, табанды еңбегімен биік белестерді бағындыруға  шақырды.

 

 

Р.И. Дүйсенбаева

ЖОО-дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы.

 

 

 

 




Көрілген: 297    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 17:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31