Жаңалықтар

Рухани жаңғыру – білім биігіне талпыну

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Рухани жаңғыру мен жаңаруда, еліміздің дамудың жаңа деңгейіне көтерілуіндегі ғылым биігіне өрлеуде, білім беруде және жас ұрпақты тәрбиелеуде, қоғамдық сана жаңғыруының қозғаушы күшіне айналуда жоғары оқу орындарының орны ерекше.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы идеяларын насихаттай отырып, көптеген бағыттарды жүйелі түрде жүзеге асыруда.

 

Әлемнің Қытай, Корея, Ауғанстан, Германия, Испания, Италия, АҚШ, Швейцария, Дания, Испания, Жапония, Вьетнам және басқа да елдерден қазақ және орыс тілдерін оқу үшін Қазақстанға келген шетелдік жастар қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде білім алып жатыр.
Университетте «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты өмір», «Green campus» жобалары табысты жүзеге асуда. Осы жобалар аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен бірнеше ғылыми-танымдық, тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар өткізді.

 

 

«Айналаңды нұрландыр» негізінде заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыру мақсатында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» ғылыми-танымдық жобасын жүзеге асырды.

 

2019 жылы күз мезгілінде кафедрада осы жоба аясында шетелдік студенттерге арнайы «Саяхат» клубы Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи, киелі орындарымен таныстыру мақсатымен саяхат ұйымдастырды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи, киелі орындарға соның ішінде: Арыстан баб кесенесіне, Шәуілдір кентіндегі Отырар мұражайына, «Отырар опаты» болған көне Отырар қаласының орнына, көне құмырашылар шеберханасына, еліміздің түркі тілдес халықтардың рухани орталығы әрі Қазақ хандығының саяси астанасы болған Түркістан қаласына, XV ғасырда Қ.А. Яссауиге арнап тұрғызылған кесенесіне, жер асты мешітіне, Ахмет Яссауи қылуетке түскен жерге, ежелгі Шығыс моншасы мен Жұма мешітіне, Рабия Сұлтан Бегімнің кесенесіне экскурсия жасады.

 

Оңтүстік Қазақстан облысындағы ежелгі, тарихи, киелі орындарымен танысу елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихы, осы киелі орындары арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді шетелдік студенттерге дәріптеу. Оларды ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеуде саяхаттың берері мол болды.

 

Бұл, біріншіден, қазақ халқының жоғары мәдениеті мен өнегелік қасиеттері туралы шетелдік студенттердің тарихи-мәдени білімдерін көтерудің өзгеше формасы, екіншіден шетелдік студенттердің ой-танымын қалыптастырудың негізі болар бірден-бір жақсы шара болды.

 

 

Кафедрада «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы арқылы мәдени жауһарларымызды әлемге танытудың жаңа тәсілдері қарастырылды. Тарихымыз да, руханиятымыз да бұл жобаның аясына енеді. Осы жоба аясында кафедрада шетелдік студенттерге еліміздің мәдени орталығы саналатын Алматы қаласы туралы арнайы ғылыми-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Заманауи мультимедиялық жүйелер арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде Алматының бүгінгі көрінісі, мәдени-саяси жүйесінің маңыздылығы туралы, ел мәдениетінің ерекшеліктері жөнінде мағлұмат берілді.

 

Тағы бір үлкен жоба, бұл - "Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы негізінде біздің кафедрада шетелдік азаматтарға «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында «Әлем әдебиетінің алыптары» атты ашық тәрбиелік іс-шарасын өткізді.

 

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілген ғылыми-танымдық шаралар шетелдік студенттерді Қазақстанның тілін, тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйретуде өз үлесін қосты деуге болады. Нақты жаңғыру - білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке талпыну деп санауға болады.

 

 

Саденова А.Е., Жаппасов Ж.Е.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті
Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру
дайындығы кафедрасы
 




Көрілген: 335    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.04.2020, 18:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31