Жаңалықтар

Сағадиев: Әлімжеттік видеоларын желіден бірден өшіру керек

  • Желіде тараған Түркістандағы әлімжеттік оқиғасының видеосынан скриншот

    Желіде тараған Түркістандағы әлімжеттік оқиғасының видеосынан скриншот

Қазақстан оқушылардың әлімжеттік және төбелес оқиғаларынан түсірілген видеоларды интернеттен дереу өшіру жағын қарастырып жатыр. Бұл туралы 15 ақпанда білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.


"Психологтар мен мұғалімдер төбелес видеосын көрсе, бірден ақпарат және коммуникациялар министрлігімен тікелей байланыс орнатады. Министрлік Facebook, YouTube және тағы басқа желілерге өшіру туралы өтініш береді. Психологтар немесе мұғалімдер мәселені министрлікке екі аптада жеткізетін. Бұл уақытты бір сағатқа дейін қысқартқымыз келеді. Видео тараса бірден бұғаттау қажет. Қазір біз оқушылардың төбелескен видеолары интернетте екі апталап жүрмес үшін министрлікпен осындай шешімге келіп отырмыз. Бірден өшіру керек", - деді Сағадиев ведомство алқасының отырысында.


Министрдің айтуынша, мұндай видеолар балалардың психологиясына, олардың туыстарының өміріне теріс әсер етеді.


"Оқушыларға әлімжеттік жасаған мектептің директоры мен орынбасарларын жұмыстан шығару жағын да ұсынамыз" деді Сағадиев.


Сағадиев ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа бұл бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтты. 


azattyq.org




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.02.2019, 12:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31