Жаңалықтар

Салафиттердің жымысқы саясаты ғой: Оқулықтағы «олқылыққа» кім жауап береді

  • © Skifnews.kz

    © Skifnews.kz

Дархан Қуанов атты азамат facebook парақшасына мектепке дейінгі даярлықта оқитын балаларға арналған «Сауат ашу» оқулығындағы «Құран», «хадис» деген сөздерге шүйлікті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Жазба авторының Ислам дініндегі наным-сенімді қазақ тіліндегі оқулыққа енгізуге наразылық танытуына келтірер өз уәжі бар.

 

«Мектепке дейінгі даярлық классына (нолевой) баратын баламның «Сауат ашу» пәні кітабынан мынандай жазбаларды көріп «шок» болдым. Білім беру министрлігі қайда қарап отыр? Ұ әрпін үйреткенде «Құран» сөзін баланың миына құяды, Х әрпін оқытқанда «Хадис» сөзін миына ендіреді. Қазақ қашан «Хадиша»-ны Хадиша деген? Тіліміздің икеміне орай, «Қадиша» демейтін бе еді?» - деп күйініп отыр ол.

 

Бұлай деуіне біздің еліміз толерантты, демократиялық даму жолына түскен, діндерді алаламайтын ел екенін дәлел еткен.

 

«Менің ұстанымым агностик (Құдайдың бар екеніне сенетін) тұрғысында. Сол реттен неге баламның санасын арабтың ертегісімен улауға жол беруім керек? Неге менің, баламның, өзге христиан, будда, т.б дініне сенетін, не атеистердің құқығы тапталады елімізде? Мектеп жасына жетпеген баланың санасына Ислам дінін тықпалауы – қорлауы емес пе?

 

Неге менің 6 жасар баламның санасына Ислами терминдер мен дінді күштеп ендіруге тырысады? Бұл үкімет бүркемелеп, мойындамаса да салафиттердің жымысқы саясаты ғой», - дейді Дархан Қуанов, оқулықтың «оңбай қалуының» себебін әріден іздеп.

 

Айтуынша, баласы Құдайға сене ме, атеист бола ма, ол жағын өскенде өз еркімен таңдауы тиіс. «Бірақ, мысықтабандап, уылжыған санаға арабтың вирусын енгізуге ешкімнің хақысы жоқ! Мен қарсымын!» - деп шорт кесті айтар ойын.

 

Одан әрі «Кино мен бағдарлама қарасаң, тұнып тұрған салафизм идеалогиясы. Кітап ашсаң, тағы сол», - деп екпіндеп барып бір-ақ тоқтаған ол, осы жазбасына Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің жауап беруін талап етті.

 




Көрілген: 1326    Пікірлер: 0

жұма, 10.04.2020, 10:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!
    23 Сәуір, 15:14
    Жеңіс күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30