Сарыағашта балабақша қызметкері бүлдіршінді жертөлеге қамап қойған (видео)

12 қазан 2021, 01:36

Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы «Ақ көгершін» балабақшасының қызметкері тәрбиеленуші баланы жертөлеге қамап қойған. Бүлдіршіннің ата-анасы полицейлерге шағым түсірді. Бұл іспен тәртіп сақшылары айналысып жатыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Facebook желі қолданушысы Нұрсұлтан Тошаев балабақшада болған оқиға туралы алғашқылардың бірі болып дабыл қақты. Оның айтуынша, Сарыағаш ауданының Құркелес ауылдық округіндегі балабақшада тәрбиеленушіні жертөлеге қамап қойған. Осылай деген желі қолданушысы мектепке дейінгі мекемеде түсірілген видеомен де бөлісті. Онда кішкентай бала тәрбиеленуші қай жертөлеге қамағанын көрсетіп, қатты қорыққанын айтады. Бұл уақытта тәрбиеші жұмыста болмаған. Бүлдіршінді балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы жертөлеге апарған екен. Және ол баланы қараңғы бөлмеде қамап қою ойында мүлдем болмағанын айтып, тек "жылан көрсету үшін" жетектеп бардым деп отыр.

 

Бұл оқиғаға қатысты іспен қазір полицейлер айналысып жатыр. Ал аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміндегілер оқиғаға қатысты толыққанды ақпаратты кейінірек беруге уәде етті. Белгілісі — аталған балабақшаны енді құзырлы органдар жіті тексермек.

 

 Видео:  https://aitube.kz/video?id=0cffa318-8553-4d2e-a3c3-6e6c492e9aa4&from=embed_video