Жаңалықтар

Семейлік Аружан INFOMATRIX-ASIA сайысының күміс жүлдегері атанды

  • https://altaynews.kz/

    https://altaynews.kz/

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Аружан Рысаева халықаралық сайыста ІІ орынға ие болды. Кең ауқымдағы INFOMATRIX-ASIA сайысы Сүлеймен Демирел университетінің (SDU) ұйымдастыруымен өтті.

 

Сайыстың «Computer Art» секциясы бойынша бағын сынаған бойжеткен "In the trap of WWW" тақырыбына 3D анимациялық бейнеролик әзірлеген. Сайыс жобаны таныстыру, әділқазылардың сұрақтарына жауап беру және 3D графикасын құруға арналған жеке тапсырма мен жобаны қорғау сынды екі кезең бойынша өтті.

 

- Жобамның негізгі мақсаты – төменгі сынып оқушыларына киберқауіпсіздіктің маңыздылығын түсіндіру. Өйткені, күнделікті өмірде қолданатын сервистар арқылы вирус пен троян тарататын хакерлардың әрекеттеріне немқұрайлы қарау жиі орын алады.Міне осы жайттарға жіті назар аудармауымыздың соңы кез-келгенімізге түрліше қауіп төндіруі мүмкін. «Adobe premire rush» және «lumion 8.0» бағдарламалары арқылы жасаған 3D анимация осы әрекеттердің болуы мен оның алдын алып, немқұрайлы қарамауға шақырады, - дейді Аружан.

 

INFOMATRIX - бұл ақпараттық технологиялар саласындағы үздік жастарды біріктіру ниетінен туындаған халықаралық компьютерлік жобалар сайысы.

 

- Бізде талантты оқушылар жетерлік. Олар түрлі сайыс, олимпиадаларда топ жарып жатады. Осы жолы Аружанның айы оңынан туды. Өз білімінің арқасында сайыстың күміс медалімен қатар Сүлеймен Демирел университетінде білім алуға 50 пайыздық жеңілдік ұтып алды. 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан халықаралық сайыста үздіктер қатарынан көріну үлкен жетістік деп білемін, - дейді шәкіртіміздің ғылыми жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Динара Есмағамбетова.

 

 

altaynews.kz




Көрілген: 448    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.05.2021, 23:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31