Жаңалықтар

Сенат депутаты барлық балабақшаны қазақша қылуды талап етті

  • http://anatili.kazgazeta.kz/

    http://anatili.kazgazeta.kz/

Сенатор балабақшаларда бөбектерді қазақша тәрбиелеуді талап етті Сенаторлар елімізде бірінің жазуын екіншісі түсінбейтін ұрпақ қалыптаса ма деп қауіптеніп отыр. Сондықтан Мұрат Бақтиярұлы барлық балабақшаны тек қазақ тілінде және латын графикасына негізделген әліпбимен оқыту жүйесіне көшіруді ұсынды.

 

Бақтиярұлы бұл істі бір күнге де кейінге қалдырмай, қазірден кірісу қажет деп отыр. Ұлтына қарамастан кез-келген ұл мен қыз балабақшада латын графикасына негізделген әліпбиден әріп тануы тиіс. Ол үшін мектепке дейінгі мекемелерде оқу-тәрбие жұмысы тек мемлекеттік тілде жүргізілуі қажет. Сонда қазақ тілі бүлдіршіннің санасына мықтап сіңеді.

 

Сенатор осыған байланысты барлық диаспораға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Ал ата-аналардың еркіне салсақ, болашақта латын графикасына негізделген әліпбиді меңгерген және кириллицамен әріп таныған, бірін-бірі түсінбейтін ұрпақ қалыптасуы мүмкін дейді депутат.

 

Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:

 

– Қазір қоғамды тағы бір мәселе алаңдатып отыр. ол – латын әліпбиі тек қазақ тілді мектептерде ғана қолданылатын болсақ, күні ертең әр ата-ана балаларын өздері білетін тілдегі кириллица графикасымен орыс тіліндегі жұмыс істеп тұрған мектептерге берерлері қазірден де белгілі болуда. түптің түбінде бұл келіп, қоғамға біреулері латын әліпбиін меңгерген, ал екінші тобы латын қаріпін білмйетін, тек кириллицамен ғана жұмыс істейтін топқа бөліп жібере ме деген мәселе алаңдатады. бұл тұтас бір қазақ ұлтының тағы да тілдік негізде бөлшектеніп кетуіне әкеп соғатындай.

 

qazaquni.kz




Көрілген: 633    Пікірлер: 0

жұма, 06.03.2020, 14:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30