Жаңалықтар

Шәкен Аймановтың туғанына 105 жыл.

  • Шәкен Аймановтың туғанына 105 жыл.

    Шәкен Аймановтың туғанына 105 жыл.

Биыл қазақ өнерінің кемеңгер тұлғасы, талантты актер әрі режиссер, КСРО Халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 105 жыл. Ол ұлттық театр өнері мен кино саласы, ұлттық режиссураның қалыптасып, дамуы үшін бүкіл ғұмырын арнап, өлшеусіз еңбек сіңірді. Осыған орай 27 ақпан күні Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архивінің ұжымы қалың көрерменнің көзайымына айналған фильмдер авторының есімін ұлықтау мақсатында әрі Елбасының жолдауында айтылған «Жастар жылы» аясында кино саласында еңбек етіп жүрген үздік мамандардың басын қосып, студент жастармен кездесу ұйымдастырды.

Шараға «Қазақфильм» АҚ төрағасы Бақыт Қайырбеков,​ еліміздің белгілі​ режиссерлері​ Жәнібек Жетіруов, Владимир Тюлькин, Болат Бүсімбеков, әйгілі кинотанушы Бауыржан Нөгербектің ұлы Баубек Бауыржанұлы Нөгербек қатысты.

Олар Шәкен Аймановтың қазақ киносының дамуына қосқан үлесіне тоқталып, кино саласында жүрген қазіргі жастардың аяқ алысы төңірегінде​ әңгіме өрбітіп, тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сабағын өткізді.




Қазіргі таңда Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архивінің қорында әйгілі режиссер туралы көптеген деректі фильмдер бар. Даусы жазылған үнтаспалар, фотоқұжаттар сақтаулы.​ ​ Атап айтсақ,​ 1949 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиетінің он күндігінде ақын Қалихан Бекхожиннің өлеңін оқыған таспасы бар. КСРО Халық әртісі атағын беру барысындағы бейнежазбасы сақталған. «Қазақфильм» киностудиясындағы жұмыс барысын көрсететін хроникалар​ және театр сахнасында ойнаған спектакльдері мен көріністерін табуға болады.​ Сондай-ақ​ «Ақан Сері - Ақ тоқты»,​ «Отелло»,​ «Асауға тұсау» спектакльдерінің дыбыс жазбалары сақталған. Кездесу барысында аталған кино-фото құжаттардан дайындалған бейнеролик көрсетілді.​ Сондай-ақ​ архив қорынан жинақталған «Қазақ киносының атасы» атты фотокөрмені көрермен назарына ұсынылды. Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архивінің директоры Гүлмира Раилқызы Мұхтарова атап өткендей тарихтан сыр шертетін мол мұраны келер ұрпаққа көздің қарашығындай сақтап, жеткізу – архив қызметкерлерінің басты міндеті.​


Қолдағы​ барлық тарихи құнды құжаттарды өсіп келе жатқан жас ұрпақтың назарына ұсына отырып,​ санасына сіңдіру арқылы оларды ұлттық өнерге, өз тарихына құрметпен қарауға баулу – негізгі мақсат.​ Осы тұрғыда сандық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болған құнды құжаттарды сақтау жолында қарқынды жұмыс жүргізіліп отыр. Шәкен Кенжетайұлының өнегесін паш еткен бұл шара - атқарылып жатқан жұмыстың көрінісі деуге келеді.​

Теа¬тр сахнасында болсын, кино әлемінде болсын, Шәкен Аймановтың қолтаңбасы тиген дүниелердің бәрі ерекше құнды. Өз мамандығының майталманы Шәкен Айманов туындыларының​ қайсысын алсаңыз да, мазмұндылығымен, тереңдігімен, көркемділігімен көрермен жүрегін бірден баурайтынын аңғасыз. Шәкен Кенжетайұлы қазақ өнерінің жандандарып,​ дамытқан​ ерекше дарын иесі, талантты актер, шебер режиссер,​ қазақ киносының негізін қалаушылардың бірі болып мәңгі есімізде қалары сөзсіз.  




Көрілген: 817    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.02.2019, 22:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31