Жаңалықтар

Шетел студенттері Шығыс жаңа жылын мерекелеу дәстүрлерімен танысты

  • © Kaznu.kz

    © Kaznu.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің №14 студенттер үйінде шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесінің келуіне орай тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.


Іс-шараға шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары мен Қытай, Корея, Ауғанстан, Швейцария, Жапония, Испания, Италия, Түркия, Филиппин және басқа да елдерден келген шетелдік студенттер қатысты. Шара барысында сөз алған шетелдік студенттер шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылды атап өту салттары мен жолдары туралы айтып берсе, оқытушылар әр елдің жаңа жылды мерекелеу дәстүрлері және тарихы, түрлі көріністері жайлы мәлімет берді.


Қытай елінен келген студенттер Қытайда жаңа жыл - думанды мейрам екенін, Қытайда отбасы - ең үлкен құндылық, сондықтан жұмыс, оқуға қарамастан әр қытайлық Жаңа жыл мерекесінде үйіне баруға тырысатынын,

есік босағасына «бақыт келді» мен «бақыт аударылды» деген мағына беретін «бақыт» иероглифін кері жабыстырып, іліп қоятынын, жаңа жылдың алғашқы күні наным бойынша, шаңыраққа бақыт пен тыныштық шақыратын отшашулар ататынын айтып, өз ойларын ортаға салып, қызу талқылады. Сонымен қатар, қытай тілінде өлең оқып, ән салды.


Оңтүстік Кореядан келген студенттер Корей халқы тойлайтын жаңа жыл «Сольналь» - ай күнтізбесі бойынша жаңа жылдың бірінші күні дегенді білдіретінін, Корей жаңа жылы туыстық қарым-қатынасты сақтау дәстүрін дәріптейтінін, бұл мерекеде туыстар ата-анасының немесе отбасында үлкен бауырдың үйіне жиналатынын, ұлттық тағам «токкук сорпасын ішкен кісі бір жасқа өсті деп есептелетінін сөз етті. Сондай-ақ, корей тілінде ән айтып, би биледі.


Шетелдік студенттер бейне таспа арқылы шығыс елдерінің жаңа жылды атап өту дәстүрлерімен таныса отырып, шығыс елдерінің жаңа жылы – ел үшін жыл басында тойланатын халықтық мейрам, сонымен қатар, бұл мерекенің негізгі мағынасы мен маңызы көптеген халықтар үшін ортақ болып табылатынын, бұл жаңалықтың, жаңа бастау мен жаңарудың күні екенін білді. Шара барысында шығыс елдерінің ұлттық тағамдарынан дәм татып, әдеби көріністі де тамашалай алды.


Бұл іс-шара көп ұлтты студенттерді байланыстырып қана қоймай, әртүрлі халықтардың мәдениетімен таныстыруға септігін тигізеді.




А.Е. Саденова., К.С. Якубаева.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Шетелдіктердің тілдік және

жалпы білім беру дайындығы

кафедрасының оқытушылары.


 




Көрілген: 784    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.02.2019, 12:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30