Жаңалықтар

Шетелде оқитын студенттерге қазақстандық университеттерге ауысу ұсынылды

  • Шетелде оқитын студенттерге қазақстандық университеттерге ауысу ұсынылды

    Шетелде оқитын студенттерге қазақстандық университеттерге ауысу ұсынылды

 Қазақстанның білім және ғылым министрлігі шетелде оқитын студенттерге қазақстандық жоғары оқу орындарына ауысу бойынша көмек көрсетуге дайын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Республикадан тыс жерлерде оқитын және коронавирус пандемиясына байланысты басқа елде оқуын жалғастыра алмайтын қазақстандық студенттер жеңілдетілген ауысу рәсімін пайдалана алады.

"Шетелдік ЖОО-ның көпшілігі студенттерін қашықтан оқытады. Алайда, кейбір оқу орындарында ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Өздеріне байланысты емес себептермен оқуын жалғастыру үшін елден шыға алмайтын студенттерге министрлік отандық жоғары оқу орындарына ауысуға көмектесуге дайын", - деді білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі..

Бұл ретте, құжаттарды рәсімдеу форматы жеңілдетіледі. Ол үшін университеттің виртуалды қабылдау комиссиясына жүгіну жеткілікті. Оқу орнына ауысу туралы өтініш онлайн-режимде қарастырылады

Студенттер жұмыс күндері 9:30-дан 18:30-ға дейін 8 7172 74-16-24 жедел желі нөмірі бойынша кеңес ала алады.

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты шетелде оқитын қазақстандық студенттердің көпшілігі үйлеріне қайтуға мәжбүр болды. Көбісі онлайн режимінде оқуын жалғастырды.

Қазақстанда бірінші қыркүйектен бастап мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқу жылы қашықтан өтеді.

Stan.kz




Көрілген: 557    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.08.2020, 21:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31