Жаңалықтар

Шетелдік студенттер Мемлекеттік орталық музейін аралады

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Айналаңды нұрландыр» жобасының жастарды азаматтық және рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуде үлесі зор.


Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының «Саяхат» атты өлкетану клубы ғылыми-танымдық іс-шарасын жүзеге асырды.


Клубтың ұйымдастыруымен кафедраның оқытушылары және әлемнің Қытай, Корея, Жапония, АҚШ, Испания, Дания, Иран, Австралия елдерінен келген шетелдік студенттері ғылыми-ақпараттық, танымдық, тәрбиелік бағытта музеймен танысу мақсатында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейіне саяхат жасады.


Бұл жобаны жүзеге асырудағы кафедраның мақсаты заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту, ұлттық мəдениетті, қасиетті рухани құндылықтарды, білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерін дәріптеу, шетелдік азаматтарға кеңінен таныстыру болды.



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейі – Орталық Азиядағы ең ірі музейлердің бірі, мәдени дәстүрі мен бай тарихи мұрасын сақтаушы және рухани - идеологиялық тәрбие беру орталығы. Бұл музей - еліміздің бет пернесі, имиджі, тарихи қоры және корпоративті мәдениетінің басты көрсеткіші.


Музей қызметкері музейдің алғашқы коллекциялары XIX ғасырдың 30 жылдары Орынбор қаласындағы Неплюев әскери училищесіндегі "Орынбор өлкесінің Музейінде" жинақталғанын. Кейіннен музей қоры Жетісу облыстық музейі, казак әскері және дінге қарсы күрес республикалық комитетінің коллекцияларымен толыққанын, 1931 жылдан бастап музей Верный қаласының танымал сәулетшісі А.П. Зенковтың жобасымен 1904 – 1907 жж. салынған бұрынғы Кафедралдық собор ғимаратында орналасқанын, сонымен қатар музейдің қазіргі ғимараты 1985 жылы сәулетшілер Ю.Ратушный, З.Мустафина және Б.Рзагалиевтің жобалары бойынша салынғанын, бүгінде ҚР Мемлекеттік Орталық музей қоры материалдық және рухан мәдениеттің үш жүз мыңға жуық құндылықтарынан тұратынын түсіндіріп, сөз етті. Сондай-ақ, студенттерді 20 мың. шаршы метрді құрайтын музейдің аумағында орналасқан қазіргі таңда музейде түрлі сипаттарға ие коллекциялар палеонтология жайлы, сонымен қатар Қазақстанның ежелгі заманынан, орта ғасырдан және қазіргі кезеңге дейінгі тарихынан толық мағлұмат беретін жеті экспозициялық зал туралы мәліметтермен таныстырды. Шетелдік студенттер музейді аралап көріп, қызықтырған сұрақтарын да қойды.


Заманауи қазақстандық мəдениетті əлемге таныту аясында ұлттық мəдениетпен, қасиетті рухани құндылықтармен таныстыру арқылы біз өткен тарихымызды, мәдениетімізді білетінімізді шетелдік студенттерге дәріптеу. Оларды ұлттық мәдениетімізді құрметтеуге тәрбиелеуде саяхаттың берері мол болды.


А.Е. Саденова., А.С. Қазмағамбетова


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру

дайындығы кафедрасының оқытушылары


 


 


 


 


 


 


 




 




Көрілген: 511    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.10.2019, 17:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қараша, 02:44
    Біз жастарға сенеміз
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31