Жаңалықтар

Шетелдіктерге арналған халықаралық әдістемелік семинар

  • ҚҰУ

    ҚҰУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Шетелдік аудиториядағы пәндерді оқытудың заманауи әдістеріндегі дәстүрлер мен инновациялар» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар Zoom пплатформасында онлайн өтті.

  

Онлайн семинарға ҚазҰУ мен Қытай Халық Республикасының университеттерінің басшылары, ғалымдар, әдіскерлер мен оқытушылар, барлығы 46-дан астам тіл мамандары қатысты.

 

Бұл семинар қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде оқытудың өзекті мәселелері бойынша пікірталас алаңына айналды, негізгі мақсаты: қазақ, орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту әдістемесін жетілдіру, халықаралық деңгейдегі тілді үйретудің жаңа әдістемесімен танысу, өзара озық тәжірибелермен алмасу, тілді оқыту саласындағы заманауи тәсілдерді талқылау болды.

 

Аталған мазмұнды шарада әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры А.Б. Смаилова, Алматыдағы Қытай Халық Республикасы Бас консулдығының ғылым және техника жөніндегі консулы Ми Гуйсюн, ҚазҰУ-нің әдістемелік жұмыс қызметінің басшысы Г.Т. Жакыпова, Цинхуа университетінің жаһандық құзыреттілікті дамыту орталығының атқарушы директоры Ю Юньхань, Пекин тілдер және мәдениет университетінің дайындық бөлімінің деканы Би Хунъин және тағы да басқа қонақтар онлайн байланысқа шығып, жүрекжарды тілектерін жолдады.

  

Алғашқылардың бірі болып университеттің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры А.Б. Смаилова сөз сөйледі. Ол кафедраның құрылу тарихына тоқтала келе, тілдерді оқыту бойынша кеңес одағы кезінен бастап тілді шет тілі ретінде оқытатын теңдесі жоқ кафедра екенін баса айтты. Екінші болып сөз сөйлеген ҚХР-ң Цинхуа университетінің жаһандық құзыреттілікті дамыту орталығының атқарушы директоры Ю Юньхань қазақ және орыс тілдерін қытай өкілдеріне тиісті деңгейде үйретіп, тәрбие беріп жатқандығына алғыс білдіріп, алдағы уақытта да бірлесе еңбек етіп, тіл үйрету бағытындағы жұмыс жалғасын табады деген үмітте екенін жеткізді.

 

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор А. Е. Саденова халықаралық семинарға онлайн форматта қатысқан арнайы қонақтар мен шетелдік оқытушыларға кафедра ұжымы атынан алғыс білдіре отырып, факультет пен кафедра тарихына, оның жұмысына тоқталып өтіп, қазақ және орыс тілдерін шет тілі ретінде меңгертуде аталмыш кафедраның Республикадағы алдыңғы қатардағы кафедра екенін тілге тиек етіп, оның білім беру саласындағы жетістіктері жайлы айтып өтті. Сөз соңында кафедра меңгерушісі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қытай Халық Республикасының жоғары оқу орындары арасында студенттермен және оқытушы-профессор құрамымен алмасу, ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру, жетекші профессорларды шақыру секілді түрлі бағыттары бар ынтымақтастықты одан ары кеңейтуге шақырды.

 

Семинарда қазақстандық және шетелдік жетекші ғалым-әдіскерлер мен білікті оқытушылардың тілдерді шет тілі ретінде оқытуда өз тәжірибелерінде қолданатын инновациялық технологиялары мен әдістері қатысушылар назарына ұсынылып, тиімділігі екшелді. Халықаралық тәжірибедегі тілдерді шет тілі ретінде оқыту әдістемесінің алуан тәсілдері көрсетілді.

 

Халықаралық семинар жұмысына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қытай Халық Республикасының университеттерінен: Пекин тілдер және мәдениет университетінің дайындық мектебінің деканы Би Хунъин, оқытушы Гың Дзе (Пекин қаласы), Ланчжоу университетінің халықаралық мәдени алмасу мектебінің оқытушысы Юнь Юнь (Ланчжоу қаласы), Capital Normal University-нің Халықаралық мәдениет мектебінің дайындық бөлімінің директоры Бай Сида (Пекин қаласы), Оңтүстік-Орталық ұлттар университетінің Қытай халықаралық білім беру директоры Ся Гэн (Ухань қаласы), Хэнань университетінің оқытушысы У Цюн (Кайфэн қаласы), Цзянсу университетінің оқытушысы Вэнь Чэнь (Цзянсу қаласы) және У. Е. Мұсабекова (әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Алматы қ.), А. С. Айтпаева (әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Алматы қ.), Курманова Т. В., Азнабакиева М. А. (әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Алматы қ.) т.б. әдіскер-ғалымдар, білікті мамандар,  оқытушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

 

Бұл шараның  ерекшелігі – барлық спикерлер өз жұмысының нәтижелерін қазақ, орыс, қытай, ағылшын тілдерінде баяндап ұсынды.

  

Семинар қатысушылары өздерінің ғылыми-әдістемелік баяндамаларымен таныстырып, бір-бірімен пікір алмасып, түйткілді сұрақтарға жауап алу мүмкіндіктері болды.

  

Семинар аяқталған соң «еркін микрофон» шеңберінде проблемалық сұрақтар, заманауи әдістер, өзекті мәселелер талқыланды.

 

 Барлық қатысушылар аталған шараның өзектілігі мен уақытылы екендігін айтып, кафедра ұжымының ғылыми-әдістемелік жұмысының жоғары деңгейін атап өтіп, семинарды халықаралық деңгейде өткізгені үшін  алғыс білдірді. Халықаралық семинар өз мақсатына жетті, бұл барлық қатысушылар үшін пайдалы болды.

 

 

 

Шетелдіктердің тілдік және

жалпы білім беру дайындығы

кафедрасы:   А.Е. Саденова




Көрілген: 662    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 17:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30