Жаңалықтар

ШҚО-да 10 оқушы коронавирус жұқтырған

  • ШҚО-да 10 оқушы коронавирус жұқтырған

    ШҚО-да 10 оқушы коронавирус жұқтырған

Шығыс Қазақстан облысында 10 мектеп оқушысынан коронавирус инфекциясы анықталды.

Шығыс Қазақстан облысында 10 мектеп оқушысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның төртеуі шағын мектепте оқитын балалар болса, қалғандары қауіпті кеселді қашықтан оқып жүріп жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

 Иә, оқушылар арасында коронавирус инфекциясының тіркеліп жатқаны жайлы санитарлық эпидемиолог мамандар мәлімдеп отыр. Кеше ғана Алтай ауданы Парыгино ауылындағы шағын кешенді мектептегі екінші сынып оқушысының осы індетке шалдыққаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Енді белгілі болғандай, коронавирус жұқтырған оқушылар өзге аудандарда тіркелген болып шықты. Осылайша, қазір Көкпекті ауданындағы бір мектеп толықтай карантинге жабылды. Өйткені онда 11-сынып оқушысы мен оның сол мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әкесінен инфекция анықталып отыр. Ал бұдан өзге, Шемонаиха және Алтай аудандарында COVID-19-ға шалдыққан оқушының сыныптарында карантин жарияланды. Өйткені олардың сыныптастары арасынан ауру жұқтыру дерегі әлі анықталмаған. Дегенмен, болашақта олардың дистанционды түрде білім алуына кеңес берілді. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар бақылауға алынды. Ал, қашықтан оқып жүріп, коронавирус белгілері анықталған 6 бүлдіршіннің инфекцияны қайдан жұқтырғандары әлі белгісіз, -дейді тілші Эльмира Ахметова.
&ndash Қашықтан оқып, COVID-19 жұқтырған оқушылар олар Семей қаласында, Риддер қаласында, Алтай аданында, Шемонаиха ауданында бар. Олардың енді қазіргі сәтте инфекциялық көрсеткіштерін, қандай себеппен жұқтырғанын айта алмаймын. Қазіргі сәтте оқушылардың барлығы үйде ем алуда. Жағдайлары орташа деңгейде, &ndash дейді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Тауанова.




Көрілген: 270    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.09.2020, 20:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31