Жаңалықтар

ШҚО-да 6,5 мың мұғалім екі жыл бойы үстеме ақыдан қағылып келген

  • © inform.kz

    © inform.kz

Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы өңірдегі 6,5 мың мұғалімге 2 жыл бойы тиесілі үстеме ақы төленбей келгенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.


«ШҚО прокуратурасының араласуынан кейін мұғалімдерге тиесілі қосымша ақы төленетін болды. Мектеп қызметкерлері еңбек құқықтарының сақталуына тексеру жүргізген болатын. Нәтижесінде 6,5 мың мұғалімге ерекше қажеттігі бар балалармен жұмыс жүргізгені үшін қосымша ақы төленбегені анықталды», - дейді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Әсел Момынжанова.


Аталмыш санаттағы балалармен жұмыс істегені үшін мұғалімдер базалық еңбекақыға 40% үстеме ақы алуы керек болған. Сол төлемді мұғалімдер 2 жыл бойы алмаған. 2017-2018 жылдарда берешек 87 млн теңгеден асқан.


«Қазір қордаланған еңбекақы қарызы төленіп жатыр. Білім қызметкерлеріне бүгінгі күнде 14 млн теңгеден астам қаржы өтелді», - дейді прокуратура өкілі.


 




Көрілген: 283    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.06.2019, 15:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30