Жаңалықтар

ШҚО-дағы 9 мектеп апаттық жағдайда тұр

  • https://basnews.kz/

    https://basnews.kz/

Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру мекемелерінде дәстүрлі форматта оқытуға көшу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

ШҚО Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Махсутованың айтуынша, бүгінде 647 мектеп тексерілген. Оның ішінде 154 қалалық және 493 ауылдық мектеп бар.

 

«Өңір бойынша білім беру мекемелері ғимараттарының жағдайын тексеру барысында апаттық жағдайдағы 9 және үш ауысыммен оқытуға көшу қаупі бар 2 мектеп анықталды. Қазіргі уақытта облыс әкімдігінде аталған мәселені шешу бойынша тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Нақты айтқанда, апатты деп танылған мектептердің орнына жаңаларының құрылысы басталады», - дейді Зейнеп Махсутова.

 

Оның айтуынша, барлық мектептерде білім алушыларға медициналық қызметті денсаулық сақтау ұйымдары лицензия немесе шарт негізінде көрсетеді.

 

Бүгінде 647 мектептің 410-ы (63,3%) медициналық қызмет көрсету лицензиясына ие.

 

Ал 223 білім ордасы денсаулық сақтау ұйымдарымен келісімшартқа отырған.

 

 

 




Көрілген: 247    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.08.2021, 17:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31