Шығармашылық байқау өз мәресіне жетті

Шығармашылық байқау өз мәресіне жетті

Қазақтың қара шаңырағы саналатын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім берумен қатар тәрбие жұмыстары бойынша әртүрлі бағыттағы мәдени шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады. Тәрбиелік шаралардың мақсаты – сапалы білім берумен қатар, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Осы орайда университетте түрлі жобалар бойынша жұмыстар атқарылып жүр. Солардың бірі және бірегейі – «100 кітап» жобасына қатысты тәрбие жұмыстары. Жақында ұлттық университеттегі шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы мен жазушының отбасы мұрындық болуымен аталған «100 кітап» жобасы аясында Қазақстанның халық жазушысы Ә. Нұршайықов атындағы стипендия тапсыру үшін студент жастар мен жоғары сынып оқушылар арасында «Махаббат, қызық мол жылдар романындағы кейіпкерлер әлемі» атты өткізілген шығармашылық байқаудың қорытындысы жарияланып, өнер кеші өткізілді.

Аталған шараны ұйымдастыру биыл сегізінші рет жүзеге асып отыр. Байқау алғашқы рет 2012 жылы Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың 90 жылдық мерейтойына орай қазақстандық жастар арасында жазушы шығармашылығы аясында үздік эссе бәйгесін өткізу түрінде болған еді. Сол жылы өнер додасына 70-ке жуық адам қатысты. Олардың ішінде университет студенттері мен магистранттары, сондай-ақ Алматы қаласы мектептерінің жоғары сынып оқушылары болды. Байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен марапатталып, озаттарға бағалы сыйлықтар берілген болатын. 2013 жылдан бастап жазушының отбасы бұл байқаудың форматын өзгертті. Байқауға қатысушылар бұдан кейінгі жылдары арнайы бір күні жиналып шығарма жазбай, поэзия, проза жанрлары бойынша жазған еңбектерін ұйымдастырушыларға электронды почта арқылы межелі уақытқа дейін жіберіп, нәтижесін күтетін. Биылғы Байқау-2019 форматына да өзгерістер енгізілді. Байқау-2019-ға Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романынан таңдап алынған қысқаша үзіндіге иллюстрация ретінде түрлі техникамен орындалған (әртүрлі бояулармен: акварельмен, майлы бояумен, пастельмен) фотосуреттер мен көркем суреттер қабылданды. Байқауға жіберілген жұмыстар байқауға қатысушы аталған романнан өзі таңдап алған (қазақ тілінде, орыс тілінде) қысқаша үзіндіге толықтай сәйкес келуі тиіс. Бұл екі ғашықтың қол ұстасып тұрған жай суреті ғана болмау керек. Байқауға қатысатын суреттің идеясы мен көтерген мәселесі «Махаббат, қызық мол жылдар» романынан алынған үзінді мәтініне сай болып, оның терең мазмұнын бере алуымен қатар, жұмыстың орындалу (техникалық) шеберлігі де жоғары болуы тиіс болатын. Байқауға қатысушылар осы аталған талаптар бойынша конкурсты ұйымдастырушылар комитетіне әртүрлі техникамен орындалған өз туындыларын ұсынды.


Өзгеше форматпен ұйымдастырылған биылғы байқау бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар: 1-орын, бас жүлдені жеңіп алған жүлдегер Өркен Аят Т. Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің 1-курс студенті «Бірақ» шығармасы бойынша диплом және 50 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды; 2-орын жүлдегері, диплом және 40 000 теңге ақшалай сыйлыққа Жаханша Әлихан – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің 1-курс студенті «Бір сәт» туындысымен ие болды. 3-орын жүлдегері – диплом және 30 000 теңге ақшалай сыйлығына ие болған студент: Жайлаубай Айсана Айдынқызы С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық унвиерситеті, архитектура және дизайн мамандығының 1-курс студенті. А. Жайлаубайдың туындысы «Қызыл көрпе» деп аталады. Осы негізгі аталған үш жүлделі орындардан басқа «Үздік шығарма» номинациясы да болды. Аталмыш номинацияға ие болған қатысушылар: Момбек Айнұр Адилжанқызы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты, Оналбаева Арай Асқарқызы, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы 2-курс студенті, Думан Мадина, Алматы облысы, 10-сынып оқушысы.
Сондай-ақ үздік шығармалар ҚР ұлттық кітапханасында орналасқан жазушы Ә. Нұршайықовтың мемориалды кабинетіне қойылады деп шешім қабылданды.
Мәдени шараның соңында байқауды ұйымдастырушылар мен байқауға қатысушылар естелік суретке түсіп, қаламгердің отбасы жайған дастарханнан дәм татты.
Мәдени шараның негізгі бөлімі тәмамдалған соң қонақтар кітапхананың ішінде ашылған Әзілхан Нұршайықовтың мемориалды кабинетін тамашалап, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мол мәліметтерге қанықты.
Өскелең ұрпақты шығармашылыққа баулитын, сонымен қоса бірталай өнерлі жастардың тұсауын кескен өнер байқауы келешекте де жалғасын табады деген ниеттеміз.

Әл-Фараби атындағы атындағы ҚазҰУ
Шетелдіктердің тілдік және жалпы
білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы,
филол.ғ.к. М.П. Ешимов, аға оқытушы С.Р. Нұртілеуова

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста