Жаңалықтар

Шығысқазақстандық мұғалімдер өздеріне тиесілі қаржысын ала алмай жүр

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Шығысқазақстандық ұстаздар сауықтыруға берілетін бір реттік жәрдемақыларын ала алмай жүр деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Берешектің жалпы көлемі шамамен – 300 млн теңге. Бұл іске кәсіподақ ұйымының өкілдері араласып, мәселені депутаттарға жеткізген. Бірақ атқарушы билік қарызды қайтаруға асығар емес.

 

Мұғалімдер еңбек демалысына шыққанда берілетін сауықтыру жәрдемақысының мөлшері олардың нақты қанша сағат сабақ беретіне сай есептеледі.

 

Бұл білім министрлігі және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымы арасындағы қосымша келісімде нақты көрсетілген. Әрбір облыс болйынша да мұндай құжат бар. Бірақ іс жүзінде мұғалімдер өздеріне тиесілі ақшаны толық ала алмай жүр.

 

Назгүл Қасенова, облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ бірлестігінің төрайымы:

 

– Мысалы, бір мөлшерлеме дегеніміз – 18 сағат. Ал кейбір мұғалімдер 20, 25 сағатпен жүруі мүмкін. Міне, осындай жүктемелері бар адамдарға еңбегіне сай сауықтыру жәрдемақысы төлену керек. Ал бұған көңіл бөлмей, көбінесе тек 18 сағаттық жалаң жүктемеге ғана төленіп келеді.

 

Мұғалімдерге еңбек демалысымен бірге берілетін сауықтыру ақысының төленуі облыста әркелкі. Мәселен, Қатон-Қарағай, Ұлан, Зайсан және Шемонайха ауданындағы ұстаздар ақшаларын толық алған. Ал басқа аудан мен қалалар бюджеттегі қаржы тапшылығын сылтауратып, қарыздан әлі құтылмаған. Облыстық білім басқармасының басшылығы қаржыға қатысты бұл мәселені тексеріп жатқанын жеткізді.

 

Әсел Қайырбекова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

 

– Бұл нақты жазылатын сан. Дәл қазір осы жағдайға қатысты нақты жауап айта алмаймыз. Сондықтан бүгінде барлық мектептерде мониторинг жүргізіп жатырмыз.

 

Атқарушы билік ұстаздардың ақшасын төлеуді тым созып жібергендіктен, аймақтағы кәсіподақ ұйымы өкілдері бұл мәселені Паралмент Мәжілісінің депутаттарына Үкіметке жеткізуін өтінген.

 

Берік Дүйсенбинов, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:

 

– Білім және ғылым министірі осы мәселенің орын алып отырғанын мойындады. Екі айдың ішінде сол ұстаздардың мәселесін шешіп, қарыз ақшаны төлеттіріп беруге уәде берді.

 

Аймақтағы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы өкілдерінің мәліметі бойынша, мұғалімдерге сауықтыру жәрдемақысын кешіктіру бойынша Үржар ауданы бірінші тұр. Тек өткен жылғы қарыздың жалпы сомасы 89 миллион теңгеден асады.

 

Ал қалалар арасында Өскеменнің білім бөлімі көш бастап тұр. Мұғалімдерге берешегі 114 миллион теңге жеткен.


 




Көрілген: 350    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.02.2020, 21:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30